Тіл - достық көпірі

Tue, 01/09/2026 - 15:27 — Ольга А

Қазақстан халқы тілдері күні қарсаңында «Қостанай әлеуметтік қызмет көрсету орталығының» тәрбиеленушілері үшін «Тіл - достық көпірі» атты танымдық іс-шара өтті. Іс-шара барысында қатысушылар тілдердің пайда болуы мен даму тарихы, олардың адам мен қоғам өміріндегі рөлі туралы мағлұмат алып, әлем тілдері жайлы қызықты деректермен танысты, сондай-ақ Қазақстандағы тілдік және мәдени әртүрлілікті талқылады. Балалар ойындарға белсене қатысып, мақал-мәтелдердің жалғасын табу, жұмбақтар мен фразеологизмдерді шешу арқылы өздерінің білгірлігі мен тапқырлығын сынады. Тақырыптық бейнероликтер тілге мәдениеттің бір бөлігі, қарым-қатынас пен өзара түсіністіктің маңызды құралы ретінде қарауға көмектесті. Бұл іс-шара қатысушыларға жаңа білім алумен қатар, тілдер мен мәдениеттердің алуан түрлілігі туралы ой түюге мүмкіндік берді.


+ A -

Current Zoom: 120%

User login