Жыл сайын сәуір айында Ы.Алтынсарин атындағы кітапханада кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша іс-шаралар өткізіледі.
Биыл кітапхана қызметкерлері «Құқықтық мәдениет — жастарға» акциясын өткізді. Акция аясында кітапханашылар қала көшелеріне жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттері туралы ақпарат жазылған буклеттермен шықты.










