Мемлекеттік рәміздердің туған күнінде № 13 ЖББМ 1-4 сынып оқушыларына арналған «Менің Отанымның рәміздері» атты іс-шара өтті. Балалар «Тарих аясында үш рәміз» викторинасына белсене қатысып, Қазақстан рәміздері туралы бейнеролик көрді. Елімізді рәміздер күнімен құттықтап, бейбітшілік, достық, келісім деген тілектер тіледі.










