«Ақ Нұр Плюс» жекеменшік мектебінің оқушыларына арналған «Білімпадарға арналған экология немесе сабақта айтылмайтын тақырыптар» атты танымдық сағат өткізілді. Іс-шара барысында балалар экологиялық мәселелермен танысып, эко-викторинаға қатысып, экология тақырыбындағы бейнероликтерді тамашалады. Олар «Экология» ұғымын талқылап, оның нені үйрететінін терең түсінді. Шара соңында оқушылар «Жер» планетасын қорғап, сақтамасақ, бүкіл тіршілік жойылады деген қорытындыға келді.










