Тіл достықтың көпірі

Жм, 05/09/2025 - 14:59 — Ольга А

Бүгін кітапхананың ғылыми-әмбебап әдебиет бөлімінде Қазақстан халықтарының тілдер күніне орай «Тіл достықтың көпірі» атты зияткерлік-танымдық ойын өтті. Бұл іс-шараға №19 жалпы білім беретін мектептің 8-сынып оқушылары қатысып, олар тілдер әлеміне қызығушылық танытты.

Ойын достық көңіл-күйде өтті. Іс-шара интерактивті тапсырмалар мен ойын-сауық сұрақтары балалардың көңілін көтеріп қана қоймай, оларға тілдердің сан алуандылығын терең түсінуінге ықпал етті.

Нәтижесінде, балалар кітапханадан жаңа білім мен бір-бірімен қарым-қатынастан шабыттанып, керемет көңіл-күймен кетті. Мұндай іс-шаралар тіл әдебиетіне деген қызығушылықты дамытып қана қоймай, жастар арасындағы мәдени байланыстарды нығайтады.

Кітапхана ой-сананы сергітіп, зерделі тынығу алаңына айналды, бұл оның қарым-қатынас пен білімнің маңызды орталығы ретіндегі рөлін растады. Біз білім беру мекемелерімен одан әрі ынтымақтастыққа және болашақта осындай іс-шараларды өткізуге үміттенеміз!

Белсенді ынтымақтастық үшін мектеп әкімшілігіне алғыс айтамыз!


+ A -

Current Zoom: 120%

Электрондық каталог

Жолдау 2025

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 201 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана