Қазақстанда қыркүйек айының екінші жексенбісінде жыл сайын Отбасы күні атап өтіледі. Бұл – әр адамға тікелей қатысы бар ең жарқын мерекелердің бірі. Осы күнге орай «Қостанай әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының» тәрбиеленушілері үшін «Біз отбасымыз, демек, жеңіске жетеміз» атты іс-шара өтті. Шара барысында қатысушылармен әңгіме жүргізілді. Оның негізгі мақсаты отбасылық қарым-қатынасты нығайту мен отбасылық құндылықтарды насихаттау. Балалар жұмбақтар шешіп, мақал-мәтелдер құрастырып, сұрақтарға жауап берді. Іс-шара барысында олар әр отбасыда сүйіспеншілік, үлкенге құрмет өзара түсіністік пен әр отбасы мүшесіне қамқорлық болуы керектігін білді.










