12 қыркүйек күні Ыбырай Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында Сәбит Мұқановтың өмірі мен шығармашылығына арналған іс-шара өтті. Қонақ ретінде №14 орта мектептің 8-сынып оқушылары қатысты. Кездесу барысында оқушылар жазушының өмірбаянымен, шығармашылық жолымен танысып, оның өлеңдерін оқыды, Сондай-ақ автордың аттас романы бойынша түсірілген «Ботагөз» көркем фильмінен үзінді тамашалады. Бұл кездесу оқушыларға Сәбит Мұқанов шығармашылығының қазақ әдебиеті тарихындағы маңызын тереңірек түсінуге және жазушының мәдени мұрасына жақындай түсуге мүмкіндік берді.










