
Кітапханаға алғаш рет келу – бірінші сынып оқушылары үшін ерекше маңызды оқиға. Бүгін бізге №30 орта мектептің 1-сынып оқушылары қонаққа келді. Балалар кітаптар әлеміне қызықты саяхат жасап, кітапхананы пайдалану ережелерімен танысты. Ақпаратты тыңдап болған соң, кішкентай оқырмандар қуана жұмбақтар шешіп, викторина сұрақтарына жауап беріп, түрлі сайыстар мен ойындарға қатысты. Іс-шара соңында балаларға кітаптар әлемінде жаңа ашылулар мен қызықты оқиғалар көп болсын деген тілек айтылды.









