Байбол Әлібек - қазіргі заманғы қазақстандық жазушы, драматург, әдебиеттанушы және аудармашы.
1987 жылы Алматы облысы Райымбек ауданы Үлкен Жалаңаш ауылында дүниеге келген. 2005 жылы №147 мектеп-гимназиясын, 2009 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Қазақстан Жазушылар одағының және Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. Әдебиеттану саласында еңбек етеді, «Qyr balasy» қоғамдық қоры мен «Senimen bolashaq» республикалық қоғамдық бірлестігінің сарапшысы. Республикалық және халықаралық әдеби байқаулардың лауреаты. Әлібек Байбол балалар мен жасөспірімдерге арналған прозаны белсенді түрде жазады, шығармаларында тәрбиелік мәнге және заманауи шындыққа ерекше назар аударады.
Негізгі шығармалары мен жинақтары:
- «Ақмысық» («Белая кошка»)
- «Бәйшешек» («Подснежник»)
- «Бес» («Пятёрка»)
- «Құпия оқулық»
- «Тәтті алма» жинағы
Жазушы «Мұтылған» романы және интернет дәуіріндегі балалар оқуының мәселелеріне арналған көптеген әдебиеттанушылық мақалаларымен де танымал. Балаларға арналған шығармашылығында ол әдебиеттің қызықты әрі визуалды тұрғыдан тартымды (аудио және бейне контент арқылы) болуы керектігін, сол арқылы баланы кітапқа баулуға болатынын баса көрсетеді.
Диреккөз:
-
Бағдәулетқызы, Ә. Байбол Әлібек // Qalamger. kz: әдеби-танымдық порталы. – URL: https://qalamger.kz/author/жазушы/байбол-әлiбек/848. – Қолданған күні: 04. 02. 2026.
Біздің кітапханада бар кітаптары:
- Байбол, Әлибек. Сейдәзім Қадырбай : өмірі мен деректері / Әлібек Байбол. – Мәтін : тікелей // Aqiqat : ұлттық қоғамдық-саяси журнал. – 2023. – № 11. – Б. 102–104.
- Байбол, Алибек. Железнодорожный вокзал : повесть / А. Байбол. – Текст : непосредственный // Чистый родник: повести, стихи, рассказы и сценические постановки для детей / худож. Д. Усенбаев; отв. ред. С. Калиулы. – 2010. – С. 223-253. – (Дарабоз).









