Берік Алтынай

Қызылордада дүниеге келген. Кішкентай кезінен сурет салғанды жақсы көреді. Сол суреттер желісімен әңгіме құрастырып, ертегі жазады. Алтынай 100-ден аса марапат пен жүлдеге ие болған. "Ертегілер" және "Ертегілер елінде" кітаптарының авторы.

«Ертегілерімнің басты кейіпкерлері – жан-жануарлар. Солар арқылы адам бойындағы жағымды, жағымсыз қасиеттерді көрсетіп, оқырмандарыма ой салсам деймін. Шығармаларымда адамгершілік, достық, еңбекқорлық, батылдық, адалдықты көп насихаттаймын. «Әуелі жазғандарымды әжеме, кейін бауырларыма оқып беремін. Ертегілерімді газет-журналдардан көрген достарым оқып, жақсы пікір айтып қуантады. Сонымен бірге жазған әңгіме-өлеңдеріммен де түрлі байқауға қатысып, жүлделі орынға ие болдым. Ертегілерді табиғат аясында жазғанды жақсы көремін. Өзендегі аққан су, құстың үні, баланың күлкісі жақсы шығармалар жазуыма шабыт береді», — дейді Алтынай.

Диреккөз:

  1. Алтынай Берік: 70-тен аса ертегі жаздым // baribar.kz: сайт. URL: https://baribar.kz/134773/altynaj-berik-70-ten-asa-ertegi-zhazdym/. – Қолданған күні: 04. 02. 2026.

Біздің кітапханада бар кітаптары:

  1. Берік, Алтынай. Жас қанат : өлеңдер мен мақалалар / А. Берік ; редактор Б. Болат. – Мәтін : тікелей. – Алматы : Болат Медиа, 2022. – 77, [11] б.

  2. Берік, Алтынай. Халқымның жүрегіне жетсе деп ем... / А. Берік. – Мәтін : тікелей. – Қызылорда : [б. и.], 2022. – 85, [2] б.


Тілдер

+ A -

Current Zoom: 120%

Электрондық каталог

Жолдау 2025

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 93 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана