Бауыржан Ғұбайдуллин 1965 жылғы 1 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысы Қызылжар ауылында дүниеге келген. 2025 жылғы қыркүйек айында 60 жас мерейтойын атап өтті. 1993 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2023 жылғы қыркүйектен бастап Батыс Қазақстан облысындағы Қазақстан Жазушылар одағы филиалының директоры қызметін атқарады. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық құрылтайдың мүшесі.
Ұзақ жылдар бойы облыстық қоғамдық-саяси «Орал өңірі» («Уральский регион») газетінің бас редакторы болып еңбек етті. Ақпараттық салаға қосқан үлесі үшін «Қазақстан Республикасының ақпарат индустриясының көшбасшысы» деп танылған, Қазақстан Жазушылар одағы мен Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.
Диреккөз:
-
Ғұбайдуллин Бауыржан: өмірбаяны // әдебиет порталы. – URL: https://adebiportal.kz/kz/profile/view/9608. – Қолданған күні: 04. 02. 2026.
Біздің кітапханада бар кітаптары:
-
Ғұбайдуллин, Бауыржан. Жаймашуақ жаз еді жадыраса : құрмет / Б. Ғұбайдуллин ; дайындаған Б. Мұратова. – Мәтін : тікелей // Aq jelken (Ақ желкен) : балалар мен жасөспірімдер республикалық журналы. – 2024. – № 3. – Б. 38-39.
-
Ғұбайдуллин, Бауыржан. Жақсылық жасау қиын емес : әңгіме / Бауыржан Ғұбайдуллин. – Мәтін : тікелей // Baldyrgan : республикалық балалар журналы. – 2025. – № 9. – Б. 16–19.
-
Ғұбайдуллин, Бауыржан. Кішкентай «Карлсон» : [әңгімелер], мысалдар / Б. Ғұбайдуллин. – Мәтін : тікелей // Таза бұлақ : балалар мен жасөспірімдерге арналған Ыбырай Алтынсарин атындағы үздік әдеби шығарма байқауының финалына шыққан шығармалар жинағы / Ы. Алтынсарин атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасы. – Алматы : Тоғанай Т, 2022. – Б. 35-69.
-
Ғұбайдуллин, Бауыржан. Құтжол / Б. Ғұбайдуллин. – Мәтін : тікелей // Жыл-он екі ай. – 2005. – № 4. – С. 69-70 .
-
Ғұбайдуллин, Бауыржан. Ойыншықтар көтерілісі / Б. Ғұбайдуллин. – Астана : «Жарқын іс = Славное дело» ҚБ, 2024. – 30, [1] б.
-
Ғұбайдуллин, Бауыржан. Сыйлық : өлең / Б. Ғұбайдуллин. – Мәтін : тікелей // Жарты ғасырдың алтын қоры; 1 том: поэзия. – 2007. – 172 б.
-
Ғұбайдуллин, Бауыржан. Сұйкімді «қоңыр қонжық» пен ақылды «ақ көжек» ; Ғарышкерлер ; Ойыншықтар көтерілісі / Б. Ғұбайдуллин. – Мәтін : тікелей // Қазақ балалар әдебиетінің антологиясы / құрастырған Байбота Қошым-Ноғай. - Алматы : Әдебиет, 2021. – 5 том: Балапан. – Б. 428-432.
-
Ғұбайдуллин, Бауыржан. Шығарма оқырманды жақсылыққа жетелеуі шарт / Бауыржан Ғұбайдуллин ; әңгімелескен М. Әбіш. – Мәтін : тікелей // Егемен Qazaqstan : жалпыұлттық республикалық газет. – 2025. – № 188 (30 қыркүйек). – Б. 9.









