Жақан Жұпар

Жақан Жұпар - 1968 жылы, 18 маусымда Қарағанды облысы, Шет ауданы, Үңірек ауылында туған. 1990 жылы Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің филология факультетін үздік дипломмен бітірген. Педагогика ғылымдарының магистрі. Еңбек жолын Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің қазақ әдебиеті кафедрасының оқытушылығынан бастаған.

Әдебиетші-ғалым ретінде түрлі басылымдарда ғылыми мақалаларын жариялап отырады. Сондай-ақ «Фейсбук» әлеуметтік желісінде, БАҚ беттерінде  тіл саясатын жүзеге асыру бағытындағы өткір мәселелерді көтеріп, үнемі жазып отырады. Сонымен қоса соңғы уақытта әдеби шығармашылықпен айналысып, мысал әңгіме, ертегілерімен балалар әдебиетін дамытуға үлес қосып жүрген авторлардың бірі.

Диреккөз:

  1. Жақан Жұпар: өмірбаяны // әдебиет порталы. – URL: https://adebiportal.kz/kz/authors/view/4313. – Қолданған күні: 04. 02. 2026.

Біздің кітапханада бар кітаптары:

  1. Жұпар, Жақан. Ертегілер // Таза бұлақ : Ыбырай Алтынсарин атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған үздік әдеби шығарма Республикалық байқауы финалистерінің шығармалар жинағы. 5 шығарылым = Таза бұлақ : сборник работ, вышедших в финал конкурса имени Ибрая Алтынсарина на лучшее литературное произведение для детей и подростков. Выпуск 5 / редакторлары : Н. М. Теплякова [және басқалар]. – Костанай : Костанайская ОДЮБ им. И. Алтынсарина, 2025. – Б. 48-89.


Тілдер

+ A -

Current Zoom: 120%

Электрондық каталог

Жолдау 2025

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 162 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана