Кеңесбай Нұрбек - қазақстандық балалар жазушысы, ақын және журналист.
Қытай Халық Республикасында, Іле Қазақ автономиялық облысында дүниеге келген. Кейін тарихи отаны Қазақстанға қоныс аударған. Бейжің университетінің филология факультетінде 3 жыл білім алған. Сондай-ақ, Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде «журналистика» мамандығы бойынша оқыған. Павлодар облысы, Успен аудандық «Аймақ ажары» газетінде тілші болып жұмыс істеген. «Алтын тобылғы» әдеби байқауының жеңімпазы «Балалар әдебиеті» номинациясы бойынша «Сары емшінің баласы» шығармасы үшін үздік деп танылды (2022 ж.).
Ы. Алтынсарин атындағы әдеби байқауының жеңімпазы (2023 ж.) «Ауыл баласының басынан кешкендері» әңгімелер жинағы үшін «Қазақ тіліндегі балалар мен жасөспірімдерге арналған үздік әдеби шығарма» номинациясын иеленді. «Ұлы дала» шығармашылық байқауының жүлдегері (2023 ж.). Нұрбек Кеңесбай балаларға арналған ертегілер, әңгімелер мен өлеңдер жазады. Оның туындылары ауыл өмірі мен балалық шақ тақырыптарын қамтиды.
Диреккөз:
- Литературные премии получили победители конкурса Алтын тобылғы // Фонд Нурсултана Назарбаева: сайт. – URL: https://fnn.kz/ru/news/1075. – Дата обращения: 09. 02. 2026.
- Хасенова, Бағдат. В AMANAT подвели итоги литературного конкурса «Ұлы дала» // Казахстанская правда. – 2023. – 12 декабря. – URL: https://kazpravda.kz/n/v-amanat-podveli-itogi-literaturnogo-konkursa-ly-dala/ – Дата обращения: 10. 02. 2026.
Біздің кітапханада бар кітаптары:
- Кеңесбай, Нұрбек. Ауыл баласының басынан кешкендері : сырсандық / Н. Кеңесбай. – Мәтін : тікелей // Ülan / Ұлан : балалар мен жасөспірімдердің республикалық газеті. – 2024. – № 07 (13 ақпан). – Б. 8–9.









