Мауданов Абылай - 1983 жылы 2 сәуірде, Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Көкалат ауылында туған.
2000 жылы осы ауылдағы Албарбөгет орта мектебін бітіріп, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының филология факультетінің сырттай бөліміне түскен. 2005 жылы аталған оқу орнын тәмамдап шықты.
«Арқалық хабары», облыстық «Қостанай таңы» газетінде тілші болып істеген. «Қазақстан-Қостанай» облыстық телеарнасында редакторлық қызмет атқарды.
Бүгінде «24кз» телеарнасының Қостанай облысындағы меншікті тілшісі.
Алғашқы туындысы 2001 жылы «Жас Алаш» газетінде жарық көрген. Өлеңнен бөлек, мақала, проза, сатиралық әңгімелері интернет, республикалық баспасөз беттерінде жарияланып жүр.
2004 жылғы Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің әдебиет аталымы бойынша Гран-при иегері.
«Бір өлең, бір әлем» республикалық жазба ақындар мүшайрасының лауреаты. Өзге де республикалық жас ақындар мүшайрасында жүлделі орындарға ие болған.
Телебағдарламалары да жүлделі орындардан көрінген.
Диреккөз:
-
Абылай Мауданов : өмірбаяны // әдебиет порталы. – URL: https://adebiportal.kz/kz/authors/view/1805. – Қолданған күні. – 09.02.2026.
-
Шайкемелова, Кымбат. Сценарий фильма, который написал костанаец, в числе лучших на республиканском конкурсе для казахстанских авторов Ұлы дала // Костанайские новости. – 2019. – 10 февраля. – URL: https://kstnews.kz/48524-2/. – Дата обращения: 09. 02. 2026.
Біздің кітапханада бар кітаптары:
-
Маудан, А. Бағдаршамды ойлап тапқан хайуанакттар / А. Маудан // Таза бұлақ : Ыбырай Алтынсарин атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған үздік әдеби шығарма байқауының финалына шыққан шығармалар жинағы = Таза бұлақ : сборник произведений финалистов Республиканского конкурса имени Ибрая Алтынсарина на лучшее литературное произведение для детей и подростков / алғы сөз И. Одегов ; редакторы: Н. М. Теплякова [және басқа]. – Костанай : Костанайская ОДЮБ им. И. Алтынсарина, 2023 (Принт Центр). – Б. 26-45.
-
Мауданов, А. Көкалатым-киелім : ақырғы түстің жоруы немесе Хан Кененің монологы: [өлеңдер] / А. Мауданов. – Мәтін : тікелей // Жыр маржаны. 9 томқазақ поэзиясының антологиясы. – 2014. – Б. 410–413.
-
Мауданов, А. Күз суреттері. Құстар кетіп барады. Мен саған наразымын толқын жылдар : өлең / А. Мауданов. – Мәтін : тікелей // Алға. – 2006. – № 9. – С. 10.
-
Мауданов, А. Өлеңдер / А. Мауданов. – Мәтін : тікелей // Алға. – 2006. – № 1. – С. 10.









