Рысбеков Бердалы

Рысбеков Бердалы - 1940 жылы мамыр айының 17- жұлдызында Келес ауданы, Мақтабек Рахымов атындағы совхоз, Құрылыс елді мекенінде дүниеге келген. 1957 жылы «Ленин жолы» (қазіргі О.Есимов) мектебін бітіргенсоң, екі-үш жыл совхозда жұмысшы болып істеп,одан Ташкенттің ауа-райын зерттеу техникумына түседі. Оны 1963 жылы бітіріп,1964 жылдан  Қазақ мемлекеттік университетінің физика факультетінде оқиды. Университетті аяқтап, екі жылдай ғылыми-зерттеу институтында істейді. Бердалы Рысбеков өзінің негізгі педогогтық қызметімен бірге жастар тәрбиесіне бағытталған бірнеше шығармашылық жанрлармен де қатар айналысып келеді. Б.Рысбековтың әдебиетке деген қызығушылық сонау студенттік жылдардан бастаған. Шығармашылықпен 1960 жылдан бастап айналысады. 1966-1967 жылдары тұнғыш фантастикалық әңгімесі «Тасқа айналған қыз» 1967 жылы «Білім және еңбек» журналында, «Құс жолы» фантастикалық әңгімесі «Лениншіл жас» газетінде жарияланды. Содан бері республикалық баспасөзде: «Білім және еңбек», «Қазақстан әйелдері» журналдары мен газеттерде жарияланып келеді. 1968 жылы «Халық творчество үйі» жариялаған бәйгенің жеңімпазы. 1985 жылы «Аппақ қар туралы ертегі» кітабы (ертегілер мен әңгімелер), 1987 жылы «Құмырсқа баласы, Құмыршақтың басынан кешкендері» (әңгіме) кітабы жарық көрсе,1986 жылы «Қызыл сәуле» атты топтама жинақта фантастикалық әңгімелері шықты. 1989 жылы бір әңгімесі «Байғазы», «Өзіұшар» атты топтама жинақта басылды. Бүгінгі таңда «Жалын», «Парасат» баспаларынан төрт жеке кітабы: «Аппақ қар туралы ертегі», «Құмырсқаның баласы, құмыршақтың басынан кешкендері», « Тасқа айналған қыз», «Сиқырлы жүзік» атты кітаптары жарық көрді. Жеке әңгімелері «Қызыл сәуле», «Байғазы», «Өзіұшар», «Келес толқындары», «Сарыағашым сазды өлкем» ұжымдық жинақтарына енді.

Диреккөз:

  1. Балалар жазушысы Бердалы Рысбековпен кездесу өтті // oinet ақпараттық-сараптамалық сайты. – URL: https://www.oinet.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=56&id=44800. – Қолданған күні: 09. 02. 2026.

Біздің кітапханада бар кітаптары:

  1. Рысбеков, Бердалы. Ақдауыл хан : ертегі / Б. Рысбеков. – Мәтін: тікелей // Балдырған. – 2010. – № 11. – Б. 30–32.

  2. Рысбеков Бердалы. Бозторғай : әңгіме / Б. Рысбеков. – Мәтін : тікелей // Baldyrgan : республикалық балалар журналы. – 2024. – № 8 (тамыз). – Б. 20–21.

  3. Рысбеков, Бердалы. Гүлжан / Б. Рысбеков. – Мәтін: тікелей // Жыл – он екі ай. – 2010. – № 2. – С. 32–34 .

  4. Рысбеков, Бердалы. Зәмзәм суы / Б. Рысбеков. – Мәтін: тікелей // Өзіұшар. – 1990. – Б. 283–286.

  5. Рысбеков, Бердалы. Зәмзәм суы / Б. Рысбеков. – Мәтін: тікелей // Қалиев С. Тәрбие хрестоматиясы. – 2015. – Б. 75–78.

  6. Рысбеков, Бердалы. Ізгілік туралы ертегі / Бердалы Рысбеков. – Алматы : Sardar G, 2024. – 110, [1] б. – Мәтін: тікелей.

  7. Рысбеков, Бердалы. Құмырсқа баласы құмыршақтың басынан кешкендері / Б. Рысбеков. – Алматы : Жалын, 1987. – 16 б. – Мәтін: тікелей.

  8. Рысбеков, Бердалы. Құмырсқа баласы Құмыршақтың басынан кешкендері / Б. Рысбеков. – Мәтін : тікелей // Қазақ балалар әдебиетінің антологиясы / құрастырған Байбота Қошым-Ноғай. – Алматы : Әдебиет, 2021. – 5 том: Балапан. – Б. 41–46.

  9. Рысбеков, Бердалы. Сиқырлы жүзік : ертегілер / Б. Рысбеков. – Мәтін: тікелей. – Шымкент : Парасат, 2007. – 104 б.

  10. Рысбеков, Бердалы. Өнертапқыш инженер болғың көле ме? / Бердалы Рысбеков ; редакторы А. Даткина. Алматы : Дәуір, 2024. 119, [1] б. – Мәтін: тікелей.

  11. Рысбеков, Бердалы. Гульжан / Б. Рысбеков. Текст : непосредственный // Байгазы : рассказы и стихи / сост. К. Толыбаев; стихи пер. с каз. Т. Ровицкая ; пер. рассказов А. Утешовой. 1987. С. 104105.


Тілдер

+ A -

Current Zoom: 120%

Электрондық каталог

Жолдау 2025

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 162 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана