Самал Зікірияқызы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті филология факультетінің түлегі. Шығармалары республикалық, халықаралық газет-журналдарға жиі жарияланып тұрады.
2021 жылы "Іңкәр сезім" атты прозалық-поэзиялық кітабы жарық көрді. 2023 жылы "Махаббат жырлары" поэзиялық топтамамен кітабы шықты.
Кітаптары:
- "Іңкәр сезім" поэзиялық-прозалық шығармалар.
- "Махаббат туралы жырлар" жинақ
Жетістіктері:
Республикалық "Жетісу көктемі" прозашылар конкурсының бас жүлдегері
Республикалық Кемел Тоқаевтың 100 жылдығы қарсаңында жарияланған детектив жанры жазушылары конкурсының 1-орын иегері.
Ыбырай Алтынсарин атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған прозалық туындылардың IV Республикалық байқауында балалар қазылар алқасының арнайы жүлдесінің иегері.
Ұстаздар арасындағы қалалық әдеби конкурстары:
- “Шерхан Мұртаза” қалалық эссесінің 1-орын иегері.
- “Арманымдағы Қазақстан” қалалық эссе конкурсы, 1-орын
- “Әз-Наурыз” қалалық эссе конкурсы, 1-орын
- “Сәкен Сейфуллин” қалалық эссе конкурсы, 2-орын
Диреккөз:
- Шаймерденова Самал // Janr.kz : әдеби-танымдық порталы. – URL: https://janr.kz/shajmerdenova-samal-zikiriyaqyzy. – Қолданған күні: 10. 02. 2026.
- Шамұратова, Жадыра. Самал Шаймерденова: «Жетпістен астам әйелдің сыры мен тағдырын жазып алдым» // аdebiportal.kz- URL: https://adebiportal.kz/kz/news/view/samal-saimerdenova-zetpisten-astam-aieldin-syry-men-tagdyryn-zazyp-aldym__25487. – Қолданған күні: 10. 02. 2026.
Біздің кітапханада бар кітаптары:
- Шаймерденова, Самал. Ақсақ киік / Самал Шаймерденова // Таза бұлақ : Ыбырай Алтынсарин атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған үздік әдеби шығарма байқауының финалына шыққан шығармалар жинағы : IV шығарылым = Таза бұлақ : сборник произведений финалистов Республиканского конкурса имени Ибрая Алтынсарина на лучшее литературное произведение для детей и подростков / алғы сөз И. А. Одегов ; суретші С. Сабиева ; редакторлық ұжым : Н. М. Теплякова [және басқалар]. – Костанай : Костанайская ОДЮБ им. И. Алтынсарина, 2024. – Б. 148–187. – Мәтін : тікелей.









