5 наурыз күні кітапханамыздың оқырмандары Айлана Серикова мен Мария Домнина кітапханашы Елена Владимировна Кравчукпен бірге «Тобыл тынысы» телебағдарламасының қонағы болды. Эфир барысында олар наурыз айының алғашқы сәрсенбісінде жыл сайын атап өтілетін Дүниежүзілік дауыстап оқу күніне және көрнекті педагог-ағартушы Ыбырай Алтынсариннің 185 жылдығына орай өткен «10-шы аймақ ОҚИДЫ!» акциясының қалай өткенін әңгімеледі. Акция қатысушылары өткен іс-шарадан алған әсерлерімен бөлісіп, Ы. Алтынсариннің бірнеше шығармасын дауыстап оқып берді.
10-шы аймақ ОҚИДЫ!
Жм, 06/03/2026 - 15:53 — Ольга А









