14 наурыз күні кітапханада жарқын әрі жүрекке жылы мереке — Наурызға арналған іс-шаралар легін ашқан Көрісу күні, Амандасу күні өтті.
Бұл күні кітапхана қуанышқа, күлкіге және шынайы кездесулерге толы ерекше атмосфераға бөленді. Іс-шара қонақтары ретінде тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері, педагогтер және № 9 Ғафу Қайырбеков атындағы мектептің оқушылары қатысты. Кітапханашылар келушілерді дәстүрлі «Көрісейік! Жыл құтты болсын!» сияқты жылы сөздерімен қарсы алып, әрқайсысына мейірім, көктем және жаңару туралы әдемі дәйексөздер жазылған ашық хаттар сыйлады.
Кітапханада мерекелік әуендер мен Наурыз туралы әндер шырқалып, айналаға көтеріңкі көңіл күй мен қуаныш сезімін сыйлады.
✨ Бұл мереке әр шаңыраққа жаңа үміт, ізгі кездесулер мен береке әкелсін!










