Ұлттық киім – тек сыртқы келбеттің бір бөлігі ғана емес, ол тұтас халықтың тарихы, мәдениеті мен дүниетанымының айқын көрінісі. Бүгін біз Наурыз мейрамы аясында атап өтілетін ерекше әрі мағыналы мереке – Ұлттық киім күнін тойлаудамыз. Осы мерекеге орай кітапханада «Ұлттық киім – ұлттың сәні» атты арнайы фотозона ұйымдастырылып, әртүрлі жастағы оқырмандардың қызығушылығын тудырды. Фотозона ұлттық нақышта безендіріліп, дәстүрлі элементтер мен тақырыптық аксессуарлар қолданылды. Оқырмандар ерекше ықыласпен фотосуретке түсіп, мерекелік әрі жылы көңіл күй сыйлады.
#НаурызымМерекемНаурызымБерекем










