Наурыз – табиғаттың жаңарып, тіршіліктің түлейтін көктемнің шуақты мерекесі. Ал «Наурызнама» онкүндігінің әр күні халқымыздың бай салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын танытатын ерекше мәнге ие.
Бүгін кітапхана оқырмандарына «Ұлттық ойын – ұлттың байлығы» атты ұлттық ойындар сағаты өтті. Іс-шара барысында түрлі қызықты ойындар мен сайыстар ұйымдастырылды. Қатысушылар «Айтыс» байқауында шығармашылықтарын көрсетіп, ән айтып, өлең оқыды. Ал «Қаражорға» биі сергіту сәтіне айналып, баршаға қазақ мәдениетінің ырғағы мен рухын сезінуге мүмкіндік берді. Іс-шара «Қазан», «Көтермек», «Сақина», «Балтам тап» сияқты ұлттық ойындарға толы болды. Әр ойында балалар ептілік, тапқырлық және ұйымшылдық танытты. Мереке соңында достық пен берекенің белгісі ретінде қатысушылар дәмнен ауыз тиіп, бір-біріне жақсы тілектер айтты. Бұл шара достық пен бірліктің символына айналып, халқымыздың бай мәдени мұрасын тағы бір мәрте еске салды.










