Экскурсия – жаңа ортамен танысып, дүниетанымды кеңейтетін, мәдени көкжиекті байытатын мүмкіндік. Осындай мазмұнды кездесуді кітапхана қызметкерлері КИПК студенттеріне ұйымдастырды. Жастар кітапхананың әр бөлімін аралап, жаңа әдебиеттермен танысты, пайдалану ережелері мен жұмыс тәртібі туралы мағлұмат алды. Олар көркем әдебиеттің жанрлық алуан түрлілігімен, ғылыми-көпшілік басылымдардың оқу үдерісіндегі маңызымен танысып, кітапхананың тек оқу орны ғана емес, сонымен қатар түрлі танымдық шаралар мен зияткерлік ойындар өтетін рухани орталық екенін білді.










