
2 сәуір — Халықаралық балалар кітабы күніне орай заманауи балалар әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі, беделді әдеби сыйлықтардың («Заветная мечта», «Книгуру», Вл. Крапивин атындағы сыйлық, С. Маршак атындағы сыйлық, Балалар мен жасөспірімдер әдебиеті жөніндегі халықаралық кеңестің Андерсен дипломы) лауреаты Станислав Востоковпен онлайн-кездесу өтті.
Облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының қонағы ретінде №3 мектеп-гимназиясының 8-сынып оқушылары қатысты. Оқушылар Станислав Владимировичке көптеген қызықты сұрақтар дайындады: оның Дж. Даррелл негізін қалаған Джерси аралындағы табиғатты сақтау орталығындағы білімі мен жұмысы туралы, шығармашылығы жайлы, Мәскеу маңындағы ауылда өткен өмірі, болашақ әдеби жоспарлары туралы сұрады. Тіпті балалар ата-ананы қалай жақсы тәрбиелеуге болады деген ерекше сұрақ та қойды.
Кездесуден кейін жазушының өз шығармаларын қалай тудыратыны, оның кітаптарында неге сан алуан жануарлар бейнеленетіні және қоршаған орта тіршілігін өте шебер, әсерлі сипаттайтыны айқын болды.
Шын жүректен: «Рақмет сізге, Станислав Владимирович! Бізбен сұхбаттасуға келіскеніңіз — үлкен бақыт!» — деп айтқымыз келеді.









