Кітап — бұл жай ғана қағаз бен сия емес. Бұл – ата-бабаларымыздың үні, даланың даналығы мен қалаларымыздың заманауи ырғағы. Бүгін, Ұлттық кітап күні мерекесінде, біз ұрпақтар сабақтастығын дәріптеп, оқырмандарымызды қазақстандық заманауи авторлардың әдебиетімен таныстырамыз. Іс-шара басталар алдында оқырмандар мен кітапхана қонақтарына экскурсия ұйымдастырылып, мемлекеттік тілдегі қазақстандық заманауи авторлардың кітаптарынан көрме ұсынылды. Шара барысында оқушылар екі командаға бөлініп, берілген екі кітап бойынша шығармашылық жобалар дайындады. Қатысушылар SMM-мамандарының рөлін атқарып, әлеуметтік желілерге арналған креативті тақырыптар ойлап тапты, кітапқа амбассадор таңдап, мерч идеяларын ұсынды. Кейін өз жобаларын таныстырды. Одан кейін оқушылар кітап кейіпкерлерін білу мен зейінділікті дамытуға арналған «Крокодил» ойынын ойнады. Іс-шараның қорытынды бөлімінде ребустар шешіліп, оқушылар кітап атауларын тапты. Қатысушылар өздерінің тың шығармашылық ойларымен бөлісіп, іс-шараға ерекше жылулық пен шабыт сыйлады. Олар күрделі мәтіндердің астарында бүгінгі оқырманның жүрегіне жақын шынайы сезімдер жатқанын айқын көрсете білді.
#ҰлттықКітапКүні2026
#НациональныйДеньКниги2026










