Достар, естеріңізге саламыз, Ыбырай Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында пластикалық қақпақтарды жинауға арналған экологиялық акция өтіп жатыр!
Көпшілігіңіз бұл игі іске атсалысып үлгердіңіздер, және біз мұнымен тоқтап қалмаймыз. Себебі сіздер әкелген әрбір қақпақ — жай ғана пластик емес, шығармашылыққа қажетті құнды материал әрі қаламыздың тазалығына қосылған үлес.
Қатысу ережелерін еске саламыз:
- Тек таза пластикалық бөтелке қақпақтарын жинаңыздар.
- Оларды кітапхананың қызмет көрсету бөлімдеріне әкеліңіздер.
- Арнайы жәшіктерге қалдырыңыздар — олар сіздерді әлі де күтуде!
Экологиялық әдеттерді қалыптастыру ешқашан кеш емес. Келіңіздер, әлемді бірге әдемірек әрі таза етуді жалғастырайық! Акцияға қосылыңыздар!
#ТазаҚазақстан










