
«БиблиоKids» үйірмесінің кезекті жиынында балалар танымал зерттеушілермен және жиһанкездермен танысты. Олар қызықты ойын түрінде жорықтың не екенін, оған қалай дұрыс дайындалу керектігін және жол сөмкесін қалай жинау қажеттігін білді. Балалар жолда қандай заттардың аса қажет екенін талқылап, саяхатшылардың өз шытырман оқиғалары кезінде әдетте немен қоректенетіні туралы әңгімелесті. Сабақ танымды әрі қызықты өтті.









