Кітапханада жазушылармен кездесу әрдайым ерекше мереке саналады, себебі мұндай әсерлі сәттер ұзақ уақыт бойы есте сақталады. Ал оқырмандар үшін бұл — авторлармен жүздесіп, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алу мүмкіндігі.
Бүгін Ыбырай Алтынсарин атындағы республикалық байқау жеңімпаздары, қазақстандық жазушылары Елена Клепикова мен Ксения Земсковамен (Алматы қ.) өткен онлайн-кездесу дәл осындай атмосферада өтті. Кездесуге №16 жалпы білім беретін мектептің 6 «г» сынып оқушылары қатысты.
Оқушылар «Қызыл кітаптың таңғажайып әлемі: Қазақстанның сирек өсімдіктері мен жәндіктері туралы оқиғалар” жинағы беттерімен қызықты саяхат жасап, аталған шығарма бойынша алдын ала дайындаған сұрақтарын қойды. Сондай-ақ, балалар өздерін қызықтырған авторлардың жеке өмірі, олардың бұл мамандыққа қалай келгені және басқа да көптеген сұрақтарға жауап ала алды. Кездесу қызықты өтіп, барлық қатысушыларға үлкен әсер қалдырды.










