«Қостанай – Баку: мәдени диалог»

Сс, 28/04/2026 - 15:50 — Ольга А

28 сәуір күні ғылыми-көпшілік әдебиет бөлімінде жылы әрі әсерлі кездесу өтті. Республикалық жастар кітапханасымен бірлесіп «Қостанай – Баку: мәдени диалог» атты онлайн-кездесу ұйымдастырылды.

Кездесудің құрметті қонақтары — «Бірлік» әзербайжан этномәдени бірлестігінің өкілдері:

• Бірлестік төрағасы — Рафаил Саддадинович Гаджибалаев;

• Жастар қанатының жетекшісі — Лейла Керимова;

• Бірлестік белсенділері және Әлихан Бөкейхан атындағы мектептің 8-сынып оқушылары.

Кездесу барысында екі елдің мәдениеті мен дәстүрлері өзара үндесті. Баку қаласындағы әріптестер Наурыз мейрамының терең мағынасы мен ерекшеліктері туралы кеңінен әңгімеледі. Ал біз өз тарапымыздан жергілікті этномәдени бірлестіктің қызметін таныстырдық.

Кездесудің ең әсерлі сәті — шығармашылық өнер болды. ұлттық биі көрерменге ерекше көңіл күй сыйлап, нағыз мерекелік атмосфера қалыптастырды.

Бұл жай ғана онлайн кездесу емес, достық пен өзара құрметке негізделген екі мәдениеттің шынайы рухани диалогы болды. Барлық қатысушыға осы жылы күн үшін алғысымызды білдіреміз!


+ A -

Current Zoom: 120%

Электрондық каталог

Жолдау 2025

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 157 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана