Халықтар достығы – ел бірлігі

Сс, 28/04/2026 - 17:14 — Ольга А

Бүгін «Қостанай әлеуметтік қызмет көрсету орталығының» тәрбиеленушілері үшін Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай «Халықтар достығы – ел бірлігі» атты достық сабағы өткізілді. Іс-шара елімізде тұратын түрлі ұлт өкілдері арасындағы достықты, өзара түсіністік пен сыйластықты нығайтуға бағытталды. Сабақ барысында тәрбиеленушілер Қазақстан халқының мәдени әртүрлілігімен танысып, республикада тұратын әртүрлі этностардың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары туралы мағлұмат алды. Танымдық әңгімелер, викториналар және интерактивті тапсырмалар ұйымдастырылып, қатысушылар сұрақтарға жауап беріп, достық туралы мақал-мәтелдерді еске түсіріп, әртүрлі мәдениеттердің ерекшеліктері жайлы білімдерімен бөлісті. Әр халықтың әдеби шығармаларын оқу арқылы балалар адалдық, еңбекқорлық, өзара көмек және әділдік сияқты маңызды өмірлік құндылықтармен танысты. Іс-шара соңында қатысушылар достық пен адамдардың теңдігі олардың ұлтына байланысты еместігі туралы ортақ қорытындыға келді.


+ A -

Current Zoom: 120%

Электрондық каталог

Жолдау 2025

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 162 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана