2026 жылғы 5 мамыр күні №16 жалпы білім беретін мектептің 9-сынып оқушылары үшін кітапхана қабырғасында «Олар соғысты таспалады» атты тарихи сағат өткізілді. Іс-шара қазақстандық кинооператорлардың соғыс жылдарындағы ерлік, трагедия және күнделікті өмір көріністерін бейнелеудегі үлесіне арналды.
Оқушылар Яков Смирнов, Искандер Тынышпаев, Иван Чикноверов және басқа да деректі кино шеберлерінің тағдыры мен еңбегі туралы мәлімет алып, олардың түсірген кадрларының соғыс хроникасының ажырамас бөлігіне айналғаны жөнінде білді. Сонымен қатар, соғыс жылдарындағы деректі киноның рөлі талқыланды.










