«Қостанай балалар арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» тәрбиеленушілері үшін Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында «Жүректегі жеңіс - тарихтағы жеңіс» тақырыбында еске алу сағаты өткізілді. Іс-шара барысында қатысушылар соғыс жылдарының ауыр атмосферасына бойлап, 1941–1945 жылдар аралығындағы Ұлы Отан соғысының негізгі тарихи оқиғаларымен танысты. Сонымен қатар Қазақстан халқының ортақ Жеңіске қосқан елеулі үлесі, майдандағы жауынгерлердің ерлігі мен тыл еңбеккерлерінің жанқиярлық еңбегі туралы мазмұнды ақпарат берілді. Көрсетілген бейнематериалдар арқылы соғыстың басталуы, ел басына түскен ауыр сынақтар және халық бірлігінің Жеңіске жетудегі шешуші рөлі жан-жақты ашып көрсетілді. Қазақстандық батырлардың ерліктеріне ерекше назар аударылып, олардың есімдері тарих бетінде мәңгі сақталып, Отанға деген адалдық пен ерліктің жарқын үлгісі екені атап өтілді. Еске алу сағаты бейбітшілікті сақтау, тарихи мұраға құрметпен қарау және Жеңіс жолында төгілген қан мен төзімді еңбектің құнын ұмытпау қажеттігі туралы ортақ тұжырыммен қорытындыланды.










