Бүгін № 16 жалпы білім беретін мектебінің 6 «Г» сынып оқушыларын ересек жас және жасөспірімдерге қызмет көрсету бөліміне ауысуы — маңызды оқиғасына орай қарсы алу рәсімі өткізілді. Оқушылар үшін «Міне, біз бір жасқа есейдік» атты танымдық іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара барысында оқушылар викториналар мен жұмбақтарға белсене қатысып, жақсы білімдері мен тапқырлықтарын көрсетті. Кітапхананың ересек оқырмандар бөлімімен танысуға кіріспес бұрын, барлық қатысушылар көңілді «Чика-Бум» ойынын ойнады. Бұл іс-шара қатысушылар арасында жақсы көңіл-күй сыйлады. Осы жаңа күш-жігер мен көтеріңкі көңіл-күймен олар жаңа әрі қызықты әлемге енуге дайын екендерін көрсетті.










