Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні қарсаңында «Қостанай әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының» тәрбиеленушілері үшін «Қазақстан рәміздеріне құрмет» атты ойын-викторинасы ұйымдастырылды. Бұл іс-шара Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне құрметпен қарау, патриоттық сезімдерді қалыптастыру, сондай-ақ рәміздердің тарихы мен мағынасы туралы білімдерін кеңейтуге бағытталған. Іс-шара барысында қатысушылар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы, елтаңбасы және әнұранының жасалу тарихымен танысып, олардың негізгі элементтері мен рәміздерінің мәнін еске түсірді. Балалар викторинаға қатысып, сұрақтарға жауап беріп, тақырыптық тапсырмаларды орындап, еліміздің мемлекеттік рәміздері туралы өз білімдерін көрсетті. Іс-шара Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне деген құрмет пен патриоттық сезімге тәрбиелеуге ықпал етті.










