Ертегілер мен ғажайыптар әлемінде

Ср, 03/06/2026 - 15:30 — Ольга А

№13 жалпы білім беретін мектептің бастауыш сынып оқушыларына арналған «Ертегілер мен ғажайыптар әлемінде» атты танымдық әрі қызықты іс-шара өтті. Балалар Ғалым Мысықпен бірге ертегілер кітабының беттері арқылы сиқырлы саяхатқа шықты. Іс-шара барысында жас оқырмандар түрлі тапсырмаларды қызығушылықпен орындады: шатастырылған ертегілерді тапты, сиқырлы сөздер арқылы шығармаларды таныды, пантомима арқылы сүйікті кейіпкерлерін бейнеледі, сондай-ақ кейіпкерлерді олардың мекенжайлары мен жолдаған жеделхаттары бойынша анықтады. Ертегілер әлеміне жасалған бұл саяхат балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, жарқын әсерлер мен ұмытылмас сәттерге толы болды. Кездесу соңында қатысушылар мультфильм тамашалап, кітаптардың қиял мен ғажайыпқа толы таңғажайып әлемге жол ашатынына тағы бір мәрте көз жеткізді.


+ A -

Current Zoom: 120%

Электрондық каталог

Жолдау 2025

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 173 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана