4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні және әрқайсымыз үшін ерекше мереке. Мереке күні кітапхана оқырмандарына «Біл, құрметте және мақтан!» деген атаумен естелік парақшалары таратылды. Біз қай жерде болсақ та – Олимпиада ойындарының трибунасында, ірі халықаралық көрмелерде немесе үйде, жақындардың ортасында – мемлекеттік рәміздер бізді біріктіріп, жүрегімізде мақтаныш сезімін оятады.










