​«Кітапхана әлемі» кітапханалық экскурсиясы өтті

Ср, 24/06/2026 - 14:46 — Ольга А
Бүгін кітапханамызға №31 жалпы білім беретін мектептің оқушылары арнайы танымдық экскурсиямен келіп қайтты.
​Саяхат барысында бүлдіршіндер кітап патшалығының қызықты тыныс-тіршілігімен жақын танысты. Олар кітапхананың негізгі бөлімдерін аралап, кітапты ұқыпты ұстау тәртібі мен кітапхана ішінде өзін-өзі ұстау ережелерін үйренді. Сондай-ақ, балалар сиқырлы кітаптар парақтары арқылы ертегілер әлеміне еніп, логикалық жұмбақтарды шешті және қызықты викториналық сұрақтарға жарыса жауап берді.
​Бұл шара балалардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттырып, рухани азық алуына жол ашты. Экскурсия соңында ерекше әсер алған оқушылар жақын күндері ата-аналарымен бірге келіп, кітапхананың тұрақты оқырманы болуға уәде берді.

+ A -

Current Zoom: 120%

Электрондық каталог

Жолдау 2025

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 126 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана