BOOK DAY - кітап лабиринті

Жм, 11/09/2026 - 15:47 — Ольга А

Республикалық «KitapTime-2026» кітап фестивалі аясында № 11 жалпы білім беретін мектеп, № 2 мектеп-лицейдің, Ахмет Бірімжанов атындағы 4-6 сынып оқушыларына арналған «BOOK DAY» атты кітап лабиринті форматындағы интерактивті экскурсиялық-ойын бағдарламасы өтті. Фестивальдің басты мақсаты - кітап пен оқуды насихаттау, оқырманның әдеби ой-өрісін кеңейту және әдебиетке деген тұрақты қызығушылықты қалыптастыру.

Іс-шараның басында кітапхана бөлімдері бойынша шағын экскурсия ұйымдастырылды. Содан кейін балалар интерактивті кітап көрмесі әлеміне шақырылды. Мұнда әр кітаптың өз жұмбағы немесе қызықты сұрағы жасырылған еді. Қатысушылар танымал шығармалар туралы сұрақтарға жауап беріп, әдеби кейіпкерлер мен авторларды еске түсірді, кітаптарды үзінділері арқылы таныды. Әдеби шығармалардың экрандалуына байланысты тапсырмалар ерекше орын алды. Балалар фильмнен кейіпкерді, шығарманы және оның авторын анықтауы керек болды. Қызықты, танымды әрі кей тұстарда оңайға соқпады! Кітап лабиринті білімді, зейінділікті, есте сақтауды, логикалық ойлауды және, әрине, әдебиетке деген сүйіспеншілікті талап етті. Іс-шара қызығушылық пен көтеріңкі көңіл-күйге толы жылы атмосферада өтті.

Кітап әрдайым біздің адал досымыз, білімнің, шабыттың және жаңа жаңалықтардың қайнар көзі болып қала берсін!


+ A -

Current Zoom: 120%

Электрондық каталог

Жолдау 2025

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 49 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана