2026 жылғы 20 қарашада ұлы ағартушының туғанына 185 жыл толуына арналған арт-акция өз мәресіне жетті.
Жас суретшілер бала кезден таныс шығармалардағы жолдар мен бейнелерге өз көзқарастарын білдірді. Әрбір қатысушы шығармашылығы мен ынта-жігері үшін арнайы жеке сертификатқа ие болды.
Сіздердің назарларыңызға балалардың шығармашылық жұмыстарынан құралған бейнеслайд-презентацияны ұсынамыз,ал жас суретшілердің туындыларын тамашалауға өнер әдебиеті бөліміндегі көрмеге келулеріңізге болады.
Арт-акцияның барлық қатысушыларына алғыс білдіреміз, сіздерге сәттілік, қызықты идеялар және шығармашылық қуаныш тілейміз!









