Новости


Қай кітап дәл сізге бұйырады?

Ср, 07/10/2026 - 15:27 — Ольга А

Кітапханада психологиялық денсаулыққа арналған интерактивті кітап көрмесі өтіп жатыр.
Мұнда жай ғана кітаптармен танысып қоймайсыз – қатысушыларға қалпақтың ішінен қағаз суырып, онда жазылған кітапты тауып алу және... оқуды бастау ұсынылады!

Кейде біз кездейсоқ таңдаған кітап дәл сол сәтте бізге ауадай қажет болып шығады.

Сіздерді көрмеге келіп, бағыңызды сынап көруге шақырамыз. Бұл өз-өзіңізді, сезімдеріңізді және айналадағы адамдарды тереңірек түсінуге көмектесуі мүмкін.



Заңгерлік лекторий: жалғасы

Ср, 07/10/2026 - 14:45 — Ольга А

Заңгерлік лекторий жұмысын жалғастырамыз! Біз сіздерді білу және түсіну маңызды болып табылатын заңнаманың өзекті мәселелерімен таныстыруды жалғастырамыз.

Жаңа шығарылымда кәмелетке толмағандардың некеге тұруы және некені бұзуы туралы сөз қозғаймыз. Кәмелетке толғанға дейін некеге тұруға қандай жағдайларда рұқсат етіледі? Неке жасын төмендету қалай жүзеге асады және бұл шешімді қандай органдар қабылдайды? Кәмелетке толмаған адамның некеге тұруы қандай құқықтық салдарға әкеп соғады?

Бейнесюжетті көріңіздер және құқықтық сауатты болыңыздар!



Кітаптар әлеміне саяхат

Сс, 06/10/2026 - 14:08 — Ольга А
№23 жалпы білім беретін мектептің 1-сынып оқушылары үшін «Кітаптар әлеміне саяхат» атты таныстыру-танымдық экскурсиясы ұйымдастырылды. Бұл экскурсия мектеп оқушыларына арналған жалғасып келе жатқан экскурсиялар циклі аясындағы кезекті кездесу болды.
Алғашқы минуттардан бастап оқушылар кітапхана тыныс-тіршілігіне қызығушылық танытты: кітапхана бөлімдерімен танысып, кітап әлемінің байлығы мен ондағы қызықты туындылар туралы мағлұмат алды. Экскурсия қызықты әдеби викторинаға ұласты - мектеп оқушылары сұрақтарға белсенді қатысып, жұмбақтарды шешті, сүйікті кітап және мультфильм кейіпкерлерін еске түсірді.
Кездесу «Үйшіктер - кітапхана» танымдық мультфильмін тамашалаумен аяқталды. Бұл мультфильм экскурсияның мазмұнын байытып, балаларға жағымды әсер сыйлады.


«Квизотека» интеллект-аренасы Квизотека: 7-еуі 1-де

Сн, 03/10/2026 - 17:04 — Ольга А

Бұл жолы біз қатысушылар үшін нағыз зияткерлік аттракцион ұйымдастырдық: тақырыптар найзағайдай жылдамдықпен ауысып, бір сәт те демалуға мүмкіндік бермеді. Әр команда өзінің сүйікті тақырыбында бағын сынап үлгерді!

Барлық командаларға - тұрақты ойыншыларға да, жаңадан қосылғандарға да - серпіндеріңіз, күлкілеріңіз және керемет энергияларыңыз үшін алғыс айтамыз! Пікірлеріңізде бөлісіңіздер: 7 турдың қайсысы сіздерге ең жеңіл көрінді, ал қайсысы ең айлакер әрі қиын болды? ңіз және бір-біріңізге көрсеткен керемет қолдауларыңыз үшін алғыс білдіреміз!

Ойынның нәтижелері:

1 орын – Биполярность

2 орын - Кроки Дискотека Твинков

3 орын - Хейтеры Зелёного

Ең үздік орын - Chicken

Келесі ойында кездескенше!



Экскурсия

Жм, 02/10/2026 - 16:12 — Ольга А

«Baby Room» студиясы үшін Ы. Алтынсарин атындағы кітапханада танымдық экскурсия өтті. Балалар абонементпен, оқу залымен және ойын бөлмесімен танысып, кітаптарды күтіп ұстау ережелерін білді, Сондай-ақ викториналарға қатысып, жұмбақтар шешті және «Иә-жоқ» ойынын ойнады. Кездесу өте қызықты әрі көңілді өтіп, балаларға жаңа білім мен жарқын әсер сыйлады.



Музыканың мақсаты - жүректерді тербету!

Бс, 01/10/2026 - 14:18 — Ольга А

1 қазан - бүкіл әлемде Халықаралық музыка күні ретінде аталып өтіледі. Музыка жігерлендіреді, қанат бітіреді, бойды сергітіп, жаныңды жайландырады. Музыканың шекарасы жоқ, ол аудармасыз-ақ кез келген ұлт өкіліне түсінікті. Музыка ешқашан ескірмейді, ол адамзат барда мәңгі жасай береді. Назарларыңызға 2026 жылғы мерейтой иесі композиторларға арналған музыкалық топтаманы ұсынамыз.



Ұлы атақ - ұстаз

Бс, 01/10/2026 - 12:36 — Ольга А

5 қазан - балаларға білім әлемін ашуға, өз жолын табуға және өз күшіне сенуге көмектесетін жандардың мерекесі – ұстаз Күні.


Мереке қарсаңында кітапханада «Ұлы атақ - ұстаз» атты іс-шара өтті. Іс-шараға Қостанай колледжінің студенттері қатысты.


Балаларға өздерін нағыз ұстаз рөлінде сынап көру ұсынылды. Олар математика, орыс тілі және бейнелеу өнері пәндерінен ерекше «сабақтар» өткізді. Алайда ең басты сынақ - күрделі нәрсені қарапайым сөздермен түсіндіре білу шеберлігі болды.


Оларға мектепте жиі қолданылатын қарапайым сөздердің - «сабақ», «қоңырау», «глобус» - мағынасын тіпті бес жасар бала да түсінетіндей етіп түсіндіру керек болды. Тапсырма оңай болып шықпады: өйткені жақсы мұғалім ойын түсінікті, қызықты әрі қолжетімді жеткізе білуі керек.


Ұлы педагогтердің: Ы. Алтынсариннің, К. Д. Ушинскийдің, А. С. Макаренконың, В. А. Сухомлинскийдің еңбектеріне ерекше назар аударылды. Олардың педагогикалық идеялары бүгінгі күні де болашақ ұстаздардың кәсіби жолының маңызды бөлігі болып қала береді.



Денисовкадағы «Өсу нүктесі» атты көшпелі семинары

Ср, 30/09/2026 - 09:37 — Ольга А

29 қыркүйек күні Ы. Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының мамандары Денисовка аудандық кітапханалар жүйесінің қызметкерлеріне арналған «Өсу нүктесі» библиосерфингі бойынша көшпелі семинар ұйымдастырды. Семинар бағдарламасы кітапхана жұмысын тиімдірек, заманауи және қызықты ету деген ортақ мақсатпен біріктірілген үш өзекті тақырыпты қамтыды.Қорды қалыптастыру, орналастыру, сақтау, есепке алу және есептен шығару туралы құжаттарды жинақтау және өңдеу бөлімінің меңгерушісі Любовь Анатольевна Федас баяндап берді. «Дизайнер-дирижер: генеративті жүйелер дәуірінде адам рөлі қалай өзгеруде» атты ЖИ-зертханасында кітапхана процестерін автоматтандыру бөлімінің кітапханашысы Анастасия Фёдоровна Корнийчук әріптестерін жасанды интеллекттің мүмкіндіктерімен таныстырып, заманауи құралдардың кәсіби қызметте қалай қолданылатынын көрсетті. Семинардың соңғы бөлімі ұсынымдық библиографияға арналды. Ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі Елена Анатольевна Харитонова ұсынымдық библиографияның мүмкіндіктері туралы, сондай-ақ кітаппен және оқырманмен жұмысты қалай қызықты әрі заманауи етуге болатыны жайлы айтып берді. Көшпелі семинар - бұл тек жаңа білім ғана емес, сонымен қатар әріптестермен сұхбаттасуға, тәжірибе алмасуға, жұмыс барысындағы мәселелерді талқылауға және тәжірибеде қолдануға болатын тың идеяларды табуға мүмкіндік беретін шара.



«Сөз шеберімен online»: Руханиятқа толы ерекше күн

Бс, 24/09/2026 - 17:25 — Ольга А
Бүгін біздің кітапханамыздың қабырғасында нағыз рух пен шабытқа толы керемет онлайн кездесу өтті. «Сөз шеберімен online» жобамыз аясында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты және балғын оқырмандарымыздың сүйікті жазушысы Ділдәр Мамырбаевамен жүздестік.
Бұл кездесудің жанымызға берері мол болды. Әсіресе, шараға қатысқан Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының 6-сынып оқушыларының жанарларындағы ұшқын мен кітапқа деген шексіз қызығушылығын көріп ерекше әсер алдық. Балалар жазушыға жай ғана сұрақ қойып қойған жоқ, олар жүрекжарды ойларын ортаға салып, нағыз мазмұнды сыр-сұхбат құра білді.


«Еңбек әлемі - мүмкіндіктер әлемі»: кәсіби бағдар

Бс, 24/09/2026 - 15:40 — Ольга А

Еңбек күніне орай кітапханада №1 мектеп-лицейінің 8-сынып оқушыларына арналған кездесу өтті.

Өз жұмыстары туралы Қостанай қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары айтып берді.

Оқушылар өрт сөндіру-құтқару және жедел-құтқару жасақтарының қызметімен, сондай-ақ құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде қолданылатын техникамен, жабдықтармен және арнайы құрал-саймандармен танысты.

Кездесу жай ғана танымдық емес, шынайы әрі қызықты форматта өтті. Мектеп оқушылары белсенді түрде сұрақтар қойды: құтқарушы мамандығын қай жерде алуға болады, оқу қалай өтеді, бұл жұмысқа қандай қасиеттер қажет және мамандардың жалақысы қанша деген сұрақтарға қызығушылық танытты.

Мұндай кездесулер жасөспірімдерге мамандықты жай ғана тізімдегі атау ретінде емес, білімді, батылдықты, жауапкершілікті және адамдарға көмектесуге дайын болуды талап ететін нақты жұмыс ретінде қабылдауға мүмкіндік береді.


+ A -

Current Zoom: 120%

Электрондық каталог

Жолдау 2025

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 132 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана