Қауіпсіздік әліппесі

Пнд, 09/06/2025 - 12:36 — Ольга А

14 жалпы білім беретін мектептің жазғы лагерь оқушыларына «Қауіпсіздік әліппесі» атты жол жүру ережелері бойынша танымдық саяхат-ойын ұйымдастырылды. Іс-шара барысында оқушылар бағдаршамның қызыл, сары және жасыл түстері нені білдіретініне үлкен қызығушылықпен жауап берді. Балалар «Жаяу жүргіншілер өткелі», «Зебра», «Абайлаңыз, балалар», «Автобус аялдамасы», және т.б. маңызды белгілермен танысты. Іс-шара барысында оқушылар көңілді викториналарға қатысып, өз білімдерін көрсетті. Шара соңында балаларға «Жол жүру ережелері» атты танымдық мультфильм көрсетілді. Мұндай іс-шаралардың маңызы зор, өйткені әрбір бала жол жүру ережелерін білуі тиіс. Бұл — олардың өмірі мен қауіпсіздігі үшін аса маңызды.


+ A -

Current Zoom: 125%

Электронный каталог

Послание 2025

Борьба с коррупцией

Одна страна – одна книга

Экранный диктор

Вход в систему