1980 жылғы 25 тамызда Қостанай облысы Жангелдин ауданында дүниеге келген. Қазақстандық балалар жазушысы, қазақ балалар әдебиетіндегі фэнтези жанрын дамытып жүрген заманауи авторлардың бірі. Семей мемлекеттік педагогикалық институтының математика факультетін бітірген. А. Құрманаевамен бірлесіп «Антология казахского фэнтези» жинағын құрастырған. Автордың ең танымал шығармасы — «Шоко әлем» циклi. Бұл шығармада әжесінің үйіне демалысқа барған Эле мен Райле есімді балалардың сиқырлы үңгір тауып, шоколадтан жасалған ғажайып әлемге тап болатын қызықты оқиғалары баяндалады.
Циклге төмендегі кітаптар енеді:
- «Шоко әлем. Тылсым Эллипсаһар»
- «Шоко әлем. Ғажайып тас»
- «Шоко әлем. Ащы бөлме» (2025 жылы жарияланған)
Сондай-ақ «Қиял әлемінен ертегілер» («Сказки из мира фантазии») және «Шындық сиқырдан да күшті» («Правда сильнее магии») атты ертегілері бар. Соңғысы «Balapan» телеарнасының жинағына енген.
Рүстем Сауытбайдың шығармалары шытырман оқиғалы сюжет, сиқырлы әлем және өсіп келе жатқан ұрпаққа арналған тәрбиелік мазмұнның үйлесімімен ерекшеленеді.
Диреккөз:
-
Сауытбай Рустем : өмірбаяны // әдеби портал. – URL: https://adebiportal.kz/kz/profile/view/9474. – Қолданған күні: 09. 02. 2026.
-
Рүстем Сауытбай: «Өзім кішкентайымнан фантастика оқып өстім» // Рустем Сауытбаймен интервью. – URL: https://www.youtube.com/watch?v=FUkyEa_JMrY. – Қолданған күні: 09. 02. 2026.
Біздің кітапханада бар кітаптары:
-
Сауытбай, Рустем Серікұлы. Қазақ фэнтэзиі туралы бірінші әңгіме : «рауан» әдебиетшілер клубы / Р. Сауытбай. – Мәтін : тікелей // Ұлан : балалар мен жасөспірімдердің республикалық газеті. – 2023. – № 18 (2 мамыр). – Б. 8.
-
Сауытбай, Рустем Серікұлы. Шоко әлем : фэнтези / Рустем Сауытбай ; редакторы : А. Қабиева, Ж. Құрманбаева ; суретін салған : А. Алмасбаева, С. Сейдалиева. – Алматы : Полиграфкомбинат, 2021. – 266, [4] б.
-
Сауытбай, Рустем Серікұлы. Шоко әлем. Тылсым Эллипсаһар / Рустем Сауытбай ; редакторы : А. Кабиева және басқалар ; сурет салған А. Алмасбаева. – Алматы : Astanakitap, 2023. – 332, [3] б. – Мәтін : тікелей.
-
Сауытбай, Рустем Серікұлы. Шоко әлем. Ғажайып тас / Рустем Сауытбай ; редакторлары : А. Кабиева, А. Елубаева ; сурет салған А. Алмасбаева. – Алматы : Astanakitap, 2022. – 396, [3] б. : суретті. –- Мәтін : тікелей.
-
Сауытбай, Рустем Серікұлы. Шоко әлем. Алоэна құпиясы / Рустем Сауытбай ; редакторы : А. Кабиева, А. Елубаева ; сурет салған А. Алмасбаева. – Алматы : Astanakitap, 2022. – 412, [3] б. – Мәтін : тікелей.
-
Сауытбай, Рустем Серікұлы. Шоко әлем. Сұйық тәж / Рустем Сауытбай ; редакторы А. Қабиева ; сурет салған Диана Решетникова. – Алматы : Astanakitap, 2022. – 448 б. – Мәтін : тікелей.
-
Сауытбай, Рустем. Үкілі Кәмшат / Рустем Сауытбай. – Мәтін : тікелей // Таза бұлақ : Ыбырай Алтынсарин атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған үздік әдеби шығарма Республикалық байқауы финалистерінің шығармалар жинағы. 4 шығарылым / редакторлары : Н. М. Теплякова [және басқалар]. – Костанай : Костанайская ОДЮБ им. И. Алтынсарина, 2024. – Б. 96–147.









