Кітап ғаламына саяхат

Пнд, 01/06/2026 - 17:51 — Ольга А

Бүгін кітапханамыздың шаңырағында ерекше қонақтар — «ҚазТрансГаз Аймақ» компаниясы қызметкерлерінің балалары қонақта болды. Балалар үшін қызықты экскурсия ұйымдастырылып, олар кітапхана бөлімдерімен танысты. Қонақтар сиқырлы ертегілер әлеміне еніп, шығармашылықтың не екенін біліп, түрлі-түсті альбомдарды парақтап, ғылым туралы таңғажайып деректермен танысты және ойын аймағына да бас сұқты. Саяхат соңында олар шытырман оқиғалар, фэнтези және классика әлемі кітаптарымен танысты.

Экскурсия өте қызықты әрі танымдық деңгейде өтті. Кішкентай оқырмандардың жалындаған жанарларын көру біз үшін үлкен қуаныш болды. Есігіміз олар үшін әрқашан ашық!


+ A -

Current Zoom: 120%

Электронный каталог

Послание 2025

Борьба с коррупцией

Одна страна – одна книга

Экранный диктор

Вход в систему