Оқытушыларға арналған журналдар

«МЕКТЕПТЕН СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАР» – республикалық педагогикалық журнал, 2004 жылдың қаңтар айынан шыға бастады. Журналда мұғалімдер, кітапханашылар, класс жетекшілерінің жұмыс тәжірибесінен алынған материалдар жарияланады: мектептегі мерекелер, сыныптан тыс жұмыстар, сабақ әзірлемелері, жазғы лагердегі іс-шаралар және т.б. Кітапхананың қорында 2007 жылдан бастап.

050002

Алматы қаласы, Л.Хамиди көшесі

4а-үй, 3-қабат, 11-офис.

Телефоны: 8 (727) 397-73-84

E-mail: mektep_everest@mail.ru

«Внеклассная работа в школе» журналы - ай сайын шығатын республикалық педагогикалық журнал.

Журналда мұғалімдер ұсынған ең қызықты және пайдалы материалдар сілтемемен және автордың толық аты-жөнімен жарияланады.

Адрес редакции: 050002

г. Алматы, ул. Хамиди, 4а, уг. М. Макатаева, 3 этаж, оф. 11.

E-mail: vnekl.school@mail.ru

Тел./факс: 8 (727) 397-73-84

Газеттер:

«Қазақ әдебиеті» — Қазақстан Республикасының әдебиет, мәдениет және өнер газеті. Әр апта, жұма күні шығады.

«Қазақ әдебиеті» газетінің бірінші саны 1934 жылдың жарық көрген.

Деп жазылған басылым алғашқы жылдары Совет жазушылары Қазақстандық комитетінің тілі (органы) ретінде жарық көріп тұрды.

Газеттің тұңғыш редакторы – Ғабит Мүсірепов, жауапты хатшысы – Мұхамеджан Қаратаев. Редколлегияға Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров, Ілияс Қабылов, Әйтеке Мусин, Ғабит Мүсірепов және Мұхамеджан Қаратаев мүше болды.

«Қазақ әдебиеті» он бес жылдық үзілістен кейін 1955 жылы қайта жарық көрді. Қайта жарық көрген басылымның бас редакторы болып Сырбай Мәуленов тағайындалды.

Бұдан кейінгі жылдары да «Қазақ әдебиеті» газеті елдің рухани-мәдени әлеуетінің дамуына зор үлес қосып, ақын-жазушылардың шығармаларын үздіксіз насихаттап, қаламгерлердің шығармаларын талдап-таразылайтын сын мақалалар жариялады. Халық жазушысы Шерхан Мұртаза бас редактор болған кезеңде көптеген журналистер осы басылымда еңбек етіп, шыңдалды.

Ал қазір «Қазақ әдебиеті» газеті Қазақстан Жазушылар Одағының құрылтайшылығымен жарыққа шығып келеді.

Қазіргі мекен-жайы: Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 105-үй, 3-қабат.

 «Учительская плюс»

Аймақтық апта сайынғы қоғамдық ақпараттық және білім беру газеті

Білім беру саласының мамандарына, студенттерге, оқушыларға және ата-аналарға арналған материалдарды орыс және қазақ тілдерінде жариялайды. Бұған аймақтағы мәдени және білім беру қызметкерлеріне берілетін марапаттар, өткізіліп жатқан іс-шаралар, сабақтар, көрмелер, байқаулар, кездесулер, форумдар және т.б. туралы ақпарат кіреді.

110000, Республика Казахстан, г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, 83, каб. 802, 810

(7142) 91-71-07 | (7142) 91-73-69 (бухгалтерия, факс)mail: priemnl@dauir.kz, zakaz@dauir.kz

 


+ A -

Current Zoom: 100%

Электронный каталог

Послание 2025

Борьба с коррупцией

Одна страна – одна книга

Экранный диктор

Вход в систему