«Сөз шеберімен online» кездесуі өтті!

Втр, 20/10/2026 - 17:34 — Ольга А

Бүгін белгілі жазушы, драматург, сыншы, әдебиеттанушы-ғалым Әлібек Уалиханұлымен онлайн форматта жүздестік. Іс-шараға Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының 6-сынып оқушылары белсенді қатысты.
Кездесу барысында жазушының «Теміржол вокзалы» шығармасы талқыланды. Оқушылар шығарманы терең оқып қана қоймай, өзекті сұрақтарын қойып, автордың ой-толғамдарымен бөлісті. Балалардың әдебиетке деген қызығушылығы мен сұрақтарының тереңдігі ерекше әсер қалдырды.
Іс-шара өте мазмұнды әрі жылы атмосферада өтті. Мүндай кездесулер оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттырып, рухани дүниесін байыта түсетіні сөзсіз. Рахмет, Әлібек Уалиханұлы!


+ A -

Current Zoom: 120%

Электронный каталог

Послание 2025

Борьба с коррупцией

Одна страна – одна книга

Экранный диктор

Вход в систему