Кітапханамыздың атынан кезекті онлайн кездесуіміз туралы…

Пнд, 23/11/2026 - 17:44 — Ольга А

«Сөз шеберімен online» жобасы аясында Қостанайдағы №31 жалпы білім беретін мектептің 5 «Б» сынып оқушыларымен бірге жазушы Жәди Шәкенұлымен онлайн кездесу өтті. Бұл жолы «Балқаймақ» мысал әңгімелері төңірегінде әңгіме өрбіді. Онлайн кездесу бір сағатқа созылып, қалыпты, жылы атмосферада өтті.
Кездесудің бір сәті — оқушылардың Жәди ағайдың өлеңдерін мәнерлеп оқып, өз ойларын ортаға салғаны болды. Балалар жазушыға сұрақтарын қойып, қаламгер де шығармашылығы мен ойларымен бөлісті.
Қатысқан барша оқушылар мен ұстаздарға, уақыт бөлген Жәди Шәкенұлына кітапхана атынан алғыс білдіреміз. Алдағы уақытта да кітап пен оқырман арасындағы байланыс жалғаса береді.


+ A -

Current Zoom: 110%

Электронный каталог

Послание 2026

Борьба с коррупцией

Одна страна – одна книга

Экранный диктор

Вход в систему