"Айгөлектің достары - 3" фестивалі

Республикаға танымал мәртебесі жоғары жалғыз «Айгөлек» балалар журналы жыл сайын дүркіретіп «Айгөлектің достары» фестивалін өткізеді. Елеусіз балалардың еңсесін көтереді. 26 наурыз күні республикалық оқушылар сарайында фестивальға шығармашылық жетістіктері үшін республиканың 14 облысынан келмеген бала жоқ. Бәрі-болашақ «мен - қазақпын!» дейтіндей намысты, жігерлі жеткіншектер. Осындай талапты оқушының бірі Ардақ Кенжеахметова да «Айгөлектің достары - 3» фестиваліне делегат ретінде қатысып қайтты. Ардақ Қостанай қаласындағы Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының 9 сыныбында оқиды. Өзі осы мектептегі елімізге танымал ақын, белгілі айтыскер Әсия Беркенованың «Жас ақындар» үйірмесіне қатысып, дәріс алады. Бойына шымыр да орамды нәр жинап, тілге жеңіл, жүрекке жылы тиетін өлеңдері республикалық журналдарда, «Айгөлекте», облыстық «Жас қазақ» - қазіргі «Алға» жастар журналында жарық көрді.
«Айгөлек» журналының бас редакторы Қымбат Әбілдақызы әр оқушыны дүйім жұрттың алдына шақырып, «Мына бала осындай облыстан, мынандай өлең, әңгіме жазады өзекті сұрақтар, өтініштер қойып, ауылының мектебінің мұң - мұқтажын айтады. Озат оқушы, пәленбай байқаудың жүлдегері» деп таныстырғанда бір түрлі  болады екенсің.  Ол кісінің сенімен терезесі тең адамдай әңгімелескеніне, бауырына тартып құшақтап, бетіңнен сүйгеніне ешбір теңеу таба алмаймын.
Фестиваль аясында балғын балалардың құшақтары гүлге толып, мақтау қағаздарымен марапатталып, сыйлықтар алыпты. Ал, суретші балалардың «Айгөлектің суретшілерімен ойнамаңыз!..» атты көрме ұйымдастырылды. Балалар Алматы қаласының көрікті жерлерін аралап, Ғ. Мүсірепов атындағы жастар театрында болып, спектакль тамашалапты. «Айгөлектің» жас тілшісі, жас суретшісі» деген куәліктер де тапсырылыпты. Солардың қатарында жас талапкер Ардақ Кенжеахметова да бар. Және де Ардақ «Айгөлектің жас тілшісі» деген құрметті атаққа Қостанай қаласынан бірінші оқушы.

Қостанай облысынан келген делегаттар

Ардақ  Кенжеахметова

1989 жылы 14 қарашада Қостанай облысы, Науырзым ауданы, Дәмді ауылында туды. 1996 жылы Қостанай қаласындағы Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының алғаш мектеп табалдырығын аттады. Ардақ «Жас ақын» үйірмесінің мүшесі, Қазақстанның халық ақыны, белгілі айтыскер Әсия Беркенованың шәкірті.

Таныстыру

Қызымын Кәкімбектің Ардақ атым
Кыздан тұңғыш жанұяның саналатын
Өнерге қанат қақтым жастайымнан
Қызықтап балалық шақ салтанатым.

Қазақтың мен кішкентай бұлбұлымын
Өлеңнен өрнек салар жыр гүлімін
Сұлу сөз мағынасын игеріп мен
Болашақ жаңа ғасыр дүлділімін.

Кең далам

Келдім саған, кең далам
Бауырыңда өскен мен балаң
Қала менің шаршатса
Төсіңде мен демалам.

Сағындырған сары далам
Көркіңе мен таңғалам
Жер жаһанды шарықтап
Кезіп кетер таңдағы ән.

Арманым

Өзім ғажап күйген ендім
Ақылын мен түйгенмін
Әсия апаның жолын қуып
Өлең жазып үйрендім.

Арманым бар алда мың
Білім нәрін алғамын
Апамыздың ізін басып
Ақын болу арманым.

Предыдущая страница

Содержание

Следующая страница