Мейіржан Жылқыбай

Мейіржан Жылқыбай - жазушы. 1994 жылдың 14 мамырында Жамбыл облысы Жаңатас ауылында дүниеге келген. 2008 жылы "Тауға саяхат" әңгімелер жинағы Дулат Исабековтың алғысөзімен жарық көреді. 2011 жылы "Қырық бірінші өтіріктің соңы" туындысы үшін "Дарабоз 2012" әдеби байқауында ынталандыру сыйлығына ие болған. Алматы технологиялық универсиетінде түскен жас дарын "инженеринг және ақпараттық технологиялар" факультетінде білім алған. Облыс орталығындағы Ы. Алтынсарин атындағы балалар мен жасөспірімдерғе арналған кітапханада "Дарабоз" бай-қауының иеғері, жас талапты қаламғер Мейіржан Жылқыбаймен онлайн түрде кездесу болып отті. Жас қаламғермен кездесу кешіне Қостанай қаласындағы Б. Момышүлы атын-дағы № 5 орта мектебі мен Ы. Алтынсарин атындағы да-рынды балаларға арналған мектеп-интернатының оқушылары қатысты. Қазақ әдебиетінде өзіндік ор-ны бар жазушы Дулат Исабековтың алғы сөзімен 2008 жылы жас талапты жазушы Мейіржан Жылқыбайдың "Тауға саяхат" әңғімелер жинағы баспадан жарық көрді. Сондықтан да ел-жүрт мақтап, әдебиетшілердің назарына іліғіп жүрғен жас жазушы Мейіржан Жылқыбаймен өткен кездесу оқушылар үшін жақсы бір кеш болды. Шын жүректен балалар әдебиетіне таптырмас нағыз жанашыр жас қаламгер Мейіржан өзінің қарапайымдылығымен, тәрбиелігімен, шыншылдығы-мен көрермендерін өзіне жау-лап алды. Балалар алған әсерлерін үлкен алғыспен жеткізіп, жазушымен көзбе-көз кездес-сек деген сүрыныс-үсыныстарын білдірді. Өздерінің сүрақ-тарын қойды. Кешіміз тартымды болды. Әдебиет әлеміне жаңа қадам басқан Мейіржан Жылқыбайдың тамаша, үлкен тәрбиелік мәні бар әңгімелері қазіргі балаларға өте пайдалы әрі үлкен әсер берді деп ойлаймыз. Әсіресе қазіргі таңда кішкене балаларға арнап көркем әңгіме жазатын жазушылар саусақпен санарлық екенін бәрімізге мәлім. Балаларға жазған әңгімелері үшін Мейіржанға алған бағытыңыз өшпесін, шабыты мен қызығы мол тамаша шығармаларыңыз көбейе берсін дегіміз келеді. Қазір ақпараттық технология-ның қарыштап дамып түрған кезі, сол себепті де алдағы уақыттарда оқушыларымызды мәнді де мазмүнды, тағылым-ды кездесулер күтіп түр де-мекпіз, - деді Ы. Алтынсарин атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған кітапхана әдіскері Гүлмира Баймұханбетова.

Біздің кітапханадағы басылымдар:

Жылқыбай, М. Балалық шағымның ескерткіші: әңгіме. І бөлім / М. Жылқыбай // Қазақстан - Ресей: әдеби альманах. - Алматы, 2016.- 138-149 б.

Ақ желкеннің ұландары: жинақ / Е. Тоқтарбай, Д. Смақов, М. Жылқыбай, А. Файзолла; ред. Б. Байғұл.- Алматы: Сораба, 2015. - 294 б.

Сағитова, Г. Бейнелі сөзбен өрнектеп..: пікір / Г. Сағитова // Қостанай таңы. - 2017. - 26 сәуір (№ 44). - 5 б.


Тілдер

Zoom

Current Zoom: 120%

Жолдау 2023

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 312 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана