Шаймерденова Нурсулу Жамалбековна

«Балалар әдебиеті мен қазіргі заманғы білім беру: тенденциялары мен болашағы» атты дөңгелек үстел. «Оқу әлеміндегі оқырман ұлт» Халықаралық симпозиумы аясында ұйымдастырылған аталмыш дөңгелек үстелде Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасында балалар мен кітапханалық қоры мен оқу мәдениетінің деңгейін талқылайтын және балалар әдебиетінің насихатталу жолдары бойынша кәсіби іс-тәжірбие алмасуды көздейтін дөңгелек үстел өткізілді. Балалар әдебиетін зерттеп жүрген шетелдік ғалымдар6 ЖОО-дың профессор-оқытушылар құрамы, жазушылар, өңірлерден келген балалар және жасөспірімдер кітапханаларының басшылары мен мамандары және мектеп кітапханашылары қатысты. Өзекті тақырыптарда «Оқу шығармашылық мәселелердің шешімді стратегиясы» атты тақырыпта Мәскеу педагогикалық университетінің Әлемдік әдебиеттер кафедрасының профессоры Черноземова Елена Николаевна (Мәскеу, Ресей), «Қазақстандағы балалар әдебиеті, мәдени код, тілдердің мүмкіншіліктері мен үлгілері» атты тақырыпта ф.ғ.д. профессор, ҚХА ғылыми-эксперт кеңесшісі Шаймерденова Нұрсұлу Жамалбекқызы (Астана, Қазақстан) және өңірлік кітапханалар директорлары баяндамалар оқыды. ҚР Статистикалық агенттігінің соңғы мәлімдемесі бойынша Қазақстанда тұратын 15 жасқа дейінгі балалардың саны 4,9 миллионға жетіп, бүкіл халықтың 30,7 үлес салмағын құрап отыр. Осыған орай еліміздегі балалар кітапханаларының саны небәрі 286-ақ, яғни ҚР МСМ қарасты кітапханалардың 7% ғана, ал олар қызмет көрсетіп отырған оқырман-балалардың саны ересек оқырмандардың 30% құрайды. Соған қарамастан балалар кітапханасының саны көбеймейді, қайта біртіндеп азаюда. Қоғамда «Балалар кітапханасы неге керек?» деген пікірлер де жоқ емес. Дөңгелек үстелде қаралған мәселелер: қазіргі заманғы балалар әдебиетінің даму барысы, қазіргі балалар қандай кітаптарды оқиды, олардың оқу мәдениетінің деңгейі, ЖОО-ы балалар әдебиетін оқытуда қандай жетістіктерге қол жеткізуде, балалар кітапханадарының мәселелері, балалар әдебиетін өзектендіруде ғылыми-зерттеу жобалардың міндеті және т. б.

Диреккөз:

1. «Балалар әдебиеті мен қазіргі заманғы білім беру: тенденциялары мен болашағы» атты дөңгелек үстел // Әдибиет порталы : [сайт]. - Режим доступа: http://adebiportal.kz/kz/blogs/view/243http://adebiportal.kz/kz/blogs/view/243 (31.07.2017).

Біздің кітапханада бар кітаптары:

1. Шаймерденова, Н. Ананың ертегілері: бірге оқимыз және саламыз = Мамины сказки : читаем и рисуем вместе [Мәтін] / Н. Шаймерденова ; сурет. А. Шаймерденова. - Астана, 2016. - 98 б.: сурет. Delfi и Солнышко; Принцесса цветов; Прекрасные птицы Фламинго Книга на казахском и русском языках.

2. Шаймерденова, Н. Әдемі Қоқиқаз = Die Flamingos: бірге оқимыз және саламыз / Н. Шаймерденова ; неміс. тіліне аударған А. Рахимжанова ; сурет. А. Шаймерденова. - Астана: Prof Design Studio, 2017. - 70 б.: сурет+1DVD. Қазақша, немесше кітап.


Тілдер

Zoom

Current Zoom: 120%

Жолдау 2023

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 372 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана