Рухани жаңғыру

Назарбаев Н. Болашаққа бағдар : рухани жаңғыру  (бағдарлама)

Вебинар «Кітапхана. Оқу. Балалар: балаларға кітапханалық қызмет көрсету ынтымақтастық негізде»

20 қыркүйек Ы. Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдерге арналған кітапханасы № 24 а мектебімен бірлесе өз оқырмандары мен оқушыларына кітап және кітап оқу мерекесін өткізді. Мерекенің басты мақсаты: балалардың кітап оқуға құмарлықтарын арттырып, сапалы білім мен саналы тәрбие алу үшін көп оқып, көп іздену керектігін түсіндіру. Бұл мереке «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Кітап – білім бұлағы» шағын жобасын іске асыру мақсатында ұйымдастырылды. Білім – рухани жаңғырудың басты алғышарты. Ал ел болашағымыз білімді де мәдениетті, тәрбиелі де әдепті болу керек. Оған бізді не үйретеді, әрине алған біліміміз, ал білімнің қайнар көзі-кітап. Ал кітаптың маңыздылығын кеңінен балаларға түсіндіру осы салада қызмет атқарып келе жатқан біздердің басты міндетіміз. Сондықтан да кітапхана мен мектеп бір орталық. Осы мақсатта кітапханамыздағы балаларға арналған кітаптар өз достарына қонаққа барды. Іс-шара барысында № 24 а мектебінің оқушылары «Тәуелсіз елімнің әдебиеті» атты өздеріне арнайы ерекше етіп ұйымдастырылған кітап көрмесінен ұнатқан кітаптар үйге алып, кітапхананың бай кітап қоры және ережесі жайында біле алды. Ал кітаппен нағыз дос болғылары келетіндерді кітапханамызға шақырдық.

Фото


«Астана, туған күніңмен»

5 шілде күні «Рухани қазына» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Әлеуметтік қызмет көрсету жөніндегі Қостанай аймақтық орталықтың балалары үшін Астананың 20 жылдығына арналған «Астана, туған күніңмен» деген тақырыппен виртуалды дилижанс өтті.

Астана аптап далада гүлдей жайқалып өсті.

Балалар іс-шара барысында Астанаға қызықты саяхат жасады, оларды онда қаланың шығу тарихымен таныстырып, барлық қазақстандықтар мақтан тұтатын астананың басты көрікті жерлері туралы айтып берді.

Мереке барысында астанаға арналған «Астана әліпбиде» атты викторина өткізілді.

«Сәлеметсің бе, Астана!» және «Астана» атты 2 видео-ролик, сонымен қатар астанаға арналған презентация көрсетілді.

Виртуалды саяхат соңында балалар астанаға өз ыстық лебіздерін білдірді.16 адам қатысты.

Фото

___________________________________________________________________________________________________

Астана — ел мақтанышы

 

5 шілде күні Астананың 20 жылдығын мерекелеу құрметіне байланысты Ғылыми-көпшілік әдебиет бөлімінде күні бойы республикамыздың астанасының құрылуы мен дамуына арналған видеороликтер көрсетілді.

Жоғары сынып оқушыларына осы оқиғаға арналған көрме шолуы мен «Астана — ел мақтанышы» атты ойын ұйымдастырылды. Олар кітапханашы қойған викторина сұрақтарына қуана-қуана жауап беріп, астанамыз туралы қызықты мәліметтер алды. Мәселен, астананы Алма-Атадан көшірудің бастамашысы кім болды немесе Қазақстанда қанша адам астана есімін алған.

Фото

_________________________________________________________________________________________________

 

Қазағымның қазынасы - домбыра

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен шілденің бірінші жексенбісі – Ұлттық домбыра күні болып белгіленді. Осыған орай Ы. Алтынсарин атындағы ОБЖК-да ата-бабамыздан қалған асыл мұраны жаңғырту мақсатында «Қазағымның қазынасы - домбыра» деген атаумен іс-шара ұйымдастырылды. Атаулы шараға №17 мектеп жанындағы лагерь балалары қатысты. Балаларға қазақтың рухын көтеретін – қоңыр үнді домбыраның құрылысы, үні, күйдің шығу тарихы, қазақтың атақты күйшілері туралы ақпарат беріліп, кітап көрмесі таныстырылды. Мектеп ұжымы өткен іс-шараға өз алғыстарын білдіріп, жазбаша пікірлерін қалдырды. Әр қазақтың төріндегі домбыра үнін естіп өскен бала әрқашан ұлтымыздың ұлттық құнылығын бағалап өседі деген ойға келдік. «Домбыра тартқан бала адаспайды» деп ертеде ата-бабамыз текке айтпаған.

Фото

 


 

Кітапханада спектекльдің премьерасы өтті

«Хикаяттар сандығы» театр студиясы Ы. Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының оқырмандарына өз қойылымдарын тарту етті. Кітапханада 29 наурыз күні көктемгі демалыста «Алдар көсе» спектаклінің тұсаукесері өтті.

Наурыздың 26 мен 29 аралығында қазақ ертегілерінің сарыны бойынша өткен «Алдар көсе» қойылымы «Балалар кітабы апталығының» тамаша ақырғы аккорды болды.

Көрермендер жас әртістердің Алдар көсе ертегісінің кейіпкерлері кейпіне енгендерін көріп, сахна көрінісіне тәнті болды.

Қазақ халық ертегісінің кейіпкері тапқыр және айлакер Алдар көсе ақылы мен айласының арқасында кедейлерді қорғап, сараң байларды, жалқаулар мен ақымақтарды жазалап, алдап соғады.

Көрермендер Анастасия Петрова сомдаған, жас Алдармен танысып, неліктен Алдар кедейлердің жақтаушысы болғаны туралы білді. Ақбар Ерғалиев ересек Алдар көсенің бейнесінде шықты.

Жаңа бастап жүрген әртістер спектакль барысында Алдар көсе басынан кешірген, екі қызықты оқиғаны көрсетті. Біріншісінде айтылады, жас Алдар базарға есекті алып келуге жібергенде қу саудагерді алдап соққаны туралы. Ал екінші оқиғада ересек Алдар көсе сараң Шығай бай оны бірде қалай «тамақтандырғанын» айтады.

Жас әртістер ұлттық нақышты және қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі мен өмір қалпын жарқын және анық көрсете білді. Ойын мен импровизациялау арқылы қонақжайлылық, адалдық, үлкенді сыйлау сияқты қазақ халқының басты құндылықтарын көрермендерге жеткізе білді.

«Хикаяттар сандығы» театр студиясына қатысушы балалар өз қорқынышы мен сенімсіздіктерін жеңіп, алғашқы сынақтарын абыроймен алып шықты. Және нағыз әртістер сияқты өздерінің алғашқы және ең адал көрермендері — ата-аналарының қошеметтеріне, гүлдері мен мақтау сөздеріне ие болды.

Спектакль Мемлекеттік «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Рухани қазына» ішкі бағдаламасы аясында өтті.

Фото


«Мамандық әліппесі»

Мемлекеттік «Рухани қазына» бағдарламаны жүзеге асыру аясында, ағымдағы жылдың ақпан айында өткен.

«Мамандық әліппесі» атты циклі аясында журналист, мәдениет қайраткері, Қазақстан және Әлем Халықтары Жазушылар Одағының мүшесі, Қостанай облысы меценаттар клубы «Қазына» сыйлығының лауреаты, Қостанай қаласының Құрметті азаматы Жақсанов Оразалы Отынбайұлымен кездесу ұйымдастырылып іс- шара өтті.

Іс-шараға Мариям Хакімжанова атындағы №20 орта мектеп және №11 орта мектеп 8 сынып оқушылары қатысты. Іс-шараның басты мақсаты жастарды болашақ мамандығына деген қызығушылығын ояту. Оқушылардың бойында үлгі – өнеге, үлкенді сыйлауға, құрмет сезімін қалыптастыру. Кездесу циклінде оқушылар сұрақтарды қойып журналистика мен әдебиет саласын неліктен таңдағаның, Еңбек жолын қайдан бастады. т.б. сұрақтар қойылды.

Оқушыларға «Қаламгер – журналист Оразалы Жақсанов» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, тамашаланды.

Автор кітапханаға өзінің жеке «Адамдар өмірге қонақ екен» кітабын сыйға тартты.

Фото


«Бір халық, бір ел»

2018 жылғы 27 ақпанда Мемлекеттік «Рухани қазына» бағдарламасын іске асыру аясында Алғыс айту күніне орай «Бір халық, бір ел» атты іс-шара өтті. Іс-шараға ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар Қостанай арнайы мектебінің 29 тәрбиеленушісі қатысты.

«Бір ел» - бұл барлығымыз үшін ортақ Отан. «Бір халық» - бұл барлығымыз үшін ортақ ұлттық мүдде. «Бір тағдыр» - бұл бірге бастан кешірген қиындықтар мен жеңістер. Бүгінгі таңда республиканың әр азаматы өз тәуелсіздігін мақтан тұтады. Жер бетінде өмір сүріп жатқан әр адам өз халқын, өз елін, өз жері мен тарихын мақтан етеді. Сондықтан біз болашақты құру үшін бүгінгіні біліп, өткенді есте сақтауымыз керек. Біздің ортақ келешегіміз - игілікті және өсіп-өркендеген Қазақстан.

Фото


Әртіс Ажар Шәкіржановамен кездесу

2018 жылғы 16 ақпанда Ыбырай Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында мемлекеттік «Рухани қазына» ішкі бағдарлама аясында «Хикаяттар сандығы» театр студиясы балалары үшін І.Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрының әртісі, «Қазына» сыйлығының лауреаты Шакиржанова Ажармен кездесу өтті.

Әртіс өз шығармашылығы жайлы бірнеше қызықты оқиғаларды баяндады. Балалар нағыз әртіс болу үшін өзімен қалай жұмыс жасау керектігі жайлы, дауыс ырғағын қалай «ояту» керектігі туралы біліп, шығармашылық даму жолы, өзін еркін, сенімді ұстау туралы жеке ұсыныстар алды.

Әсерлі, ыңғайлы жағдай енді бастап келе жатқан әртістерге өздерін көрсете білуге мүмкіндік берді. Балалар сабақта өздігінше үйренген өз қабілеттерін көрсетті. Әртіспен бірге сахнада ырғақтылық, мобильділік, топпен қарым-қатынас жасай білушілік сияқты қабілеттерді дамытуға бағытталған ойындар ойнады.

Кездесу соңында балалар Ажар Шакиржановаға алғыстарын білдіріп, нағыз әртіспен қарым-қатынас жасау өте қызықты болғанын, көп нәрсені үйренгендерін және әртіс мамандығы жан –тәніңмен толық беріліп жұмыс істегенді қалайтынын айтты. Алдағы уақытта «Хикаяттар сандығы» театр студиясының жас дарындарымен үлкен шығармашылық жоспар құрылған.

Фото


Күн, өмір, жарық нышаны

13 ақпанда Ы. Алтынсарин ат. ОБЖК-да «Рухани қазына» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Күн, өмір, жарық нышаны» деген тақырыппен ақпараттық бағдарлама өтті. Қаланың жас тұрғындары Қазақстанның мемлекеттік нышандары, геральдиканың жасалу тарихы туралы өз білімдерін кеңітіп, викторина сұрақтарына жауап берді. Іс-шара соңында АЛАУ телеарнасының өкілдері балалардан сұхбат алды. № 15 балабақшаның ересек тобының жас патриоттары астананың және біздің қаланың көрікті жерлері туралы, ауқымды құрылыстары туралы, ЭКСПО туралы, біздің қаламыздың мейірімділігі, көпұлттылығы мен толеранттылығы туралы көп біліп, қызықты етіп жеткізе біледі екен.

 


Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын талкылау

Студенттерге 2018 жылғы Жолдау елде жүргізіліп жатқан жаңғыру үдерістерінің логикалық жалғасы екенін және «Қазақстан-2050» даму стратегиясымен, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарымен, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласымен ұштасатынын түсіндіріп, бағыттарға таныстыру керек. Осы мақсатта 15 ақпанында Ы. Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдерге арналған кітапханасы қабырғасында еліміздің басты мәселелерін көздейтін Жолдауды талқылауға Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтынының 3 курс студенттері мен № 10 орта мектебі оқушылармен кездесу өтті. Кездесуіміздің басты қонағы - еңбек жолдарында мол жылдар бойы еңбек еткен, елімізге еңбегі сіңген Еңбек ері Сайран Балкенұлы Бұқанов болды.Президент өз жолдауында әр саланы қамтып, нақты міндеттер қойды, сол міндеттерді қалай іске асыруымыз керек және сол үшін қандай жұмыстар жасаумыз керектігіміз жайында, сонымен қатар жолдаудың ерекшелігін және басым-бағытын Сайран Балкенұлы егжей-тегжей түсіндіріп кетті.

Кездесу барысында жастар 2018 жолдаудың жаңа бағыттары жайында өз пікірлерімен бөлісіп, Жолдауды орындауда қандай жұмыстар жасалыну керек,оны қалай іске асыру керектігі жайында сұрақтар қойып,өз жауаптарын алды. Сонымен қатар қатысушылар Жолдаудағы көзделген 10 қадамды орындауда өз үлестерін қосуға сенім білдірді.

Елбасымыз осы тарихи жағдайды қазақ халқы жақсы пайдаланып,яғни алға қарай жылжиды деп үлкен сенім артып отыр. Сол себептен санасы мен білімі бай адам маман болып,еліміздің игілігі үшін аянбай еңбек етуіміз керек. Сонда ғана біз болашақта дамыған 30 мемлекеттің қатарына сүрінбей кіретінімізге сенім мол.


Хикаяттар сандығы

2018 жылғы 10 ақпанда Ыбырай Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында «Рухани қазына» ішкі бағдарлама аясында «Хикаяттар сандығы» театр студиясының екінші сабағы өтті. Театр шеберлігі сабағын алып, өзін әртіс ретінде сынауға 13 бала келді, ең кішкентай қатысушыларды ата-аналары әкелді. Сабақ «Танысу шеңберінен» басталды және бұл жолы ойынды бірінші кездесудің қатысушылары өткізді. Ерғалиев Ақбар мен Распетюк Ульянаға өзін жүргізуші ретінде сезіну өте ұнады. Студиялықтар барлық сабақтағыдай «үй тапсырмасын» талдап, жаңа сөздердің мағынасымен танысты: шапан, көсеу, зындан, түндік. Нағыз әртістер сияқты зейінділік мен кейіптеушілікке арналған тренингтен өтіп, олар кішкентай ғана тұқымның үлкен ағаш болып өсуін көрсетулеріне тура келді. Балалар өздерінің жұмыс барысындағы мұқият дайындықтарының арқасында «Алдар көсе» спектакліне арналған алғашқы сценарийі бойынша рөлге бөліп оқулары еш мүдіріссіз және сасып-пысусыз өтті. Бастысы әрбірі оның даралығына жауап беретін рөл таңдай алды — бұл тамаша! Балалар шұғылданып жатқанда ата-аналар студияға деген өз тілектерін жазып үлгірді. Олар балалардың өз ойларын, өз сезімдерін жеткізуді үйренгендерін, жақсы оқып, ұйымшыл шығармашыл ұжым болғандарын қалайды. Балалар І.Омаров атындағы қазақ драма театрының нағыз әртісі — Шакиржанова Ажармен болатын кездесуге шабыттанып, үйлеріне тарасты.

Фото


Мен өз елімді, Астанамды мақтан тұтамын

«Рухани қазына» бағдарламасын жүзеге асыру аясында №15 балабақшаның тәрбиеленушілері үшін еліміздің астанасына арналған «Мен өз елімді, Астанамды мақтан тұтамын» атты медиа-экскурсия өтті. Балғындарды қаланың шығу тарихымен таныстырып, астананың басты көрікті жерлері туралы айтты.

Іс-шара барысында балғындар Астанаға қызықты саяхат жасады. «Сәлеметсің бе, Астана» видео-ролигі көрсетілді және оған қоса презентация да ұсынылды. Экскурсия соңында балғындарымыз сүйікті астанаға өркендеу мен амандық тіледі.

Фото

 


«Тарих сандығы» театры

2018 ж. 2 ақпанда Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында «Тарих сандығы» театр студиясының ашылуы болып өтті.

Бағдарлама жүргізуші - Нина Григорьевна Третьяк Театрдың шығу тарихына таңғажайып экскурс жасады, актер деген кім, театрда костюмерлер, гримерлер және режисерлер не үшін керек екені жайлы айтты.

Балалар студияның театр қойылымдары қазақ халқы фольклорынан алынған оқиғаларға толы болатынын және оны бәріне танымал, әрі сүйікті Алдар көсе айтатынын білді. Болашақ актерлер ата-аналарымен бірге өздерінің өзара әрекеттестіктеріне арналған ең алғашқы тренингінен өтті. Актерге қажетті шеберлік пен қабілеттілікті анықтады. Алдар көсе мен сараң бай туралы мультфилмьдегі «көсе алдамшының» ерекше қасиеттерін аңғарды. Әр бала үйлеріне актерлік шеберлік немесе Алдар көсе оқиғалары туралы кітаптарды алып тарасты. Студиялықтарды алда үлкен шығармашылық жұмыс күтіп тұр.

Театр студиясы «Рухани жаңғыру» кіші бағдарламасы аясында жұмыс істейді.

__________________________________________________________________________________________________

Рух әміршісі

«Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарлама аясында А.Байтұрсыновтың 145 жылдығына орай 1 ақпан күні ҚҚК-нің 2-курс студенттері үшін «Рух әміршісі» деген тақырыппен әдеби экскурс болып өтті.

Ұлы ақын, жазушы, ғалым, түркітанушы, аудармашы, педагог, ағартушы, қоғам қайраткері — Ахмет Байтұрсынов қазақ мәдениетіне елеулі үлес қосты. Кітапханашы жазушының өмірімен және шығармашылығымен таныстыра отырып, оның ауыр тағдыры туралы хабардар етті. Жазушының есімі көпке танымал, сондықтан балалар мұқият тыңдап, сұрақтар қойып отырды.

Әсіресе балаларға Ахмет Байтұрсыновқа арналған «Сыр. Тағдыр. Тұлға» фильмі ұнады.

Іс-шара соңында оның шығармалары мен шығармашылығы туралы кітаптар қойылған, кітап көрмесіндегі әдебиеттерге шолу жасалды.

Фото

 


 

 

Дала қоңырауы

1 ақпан күні «Рухани қазына» жобасының аясында Ы.Алтынсарин атындағы ОБЖК-да №44 балабақшаның жас азаматтары үшін ұлы ағартушы педагог Ы.Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығына арналған «Дала қоңырауы» атты тарихи круиз өтті.

Ыбырай Алтынсарин өз ғұмырын туған жері үшін ағарту ісіне арнады. Ол қоғам болашағы жастарға байланысты екендігін айқын сезініп, өзінің барлық арманын жастар жүзеге асырады дегенге әбден сенген.

Мектеп жасына дейінгі оқушыларға ұлы ағартушы педагог Ы.Алтынсариннің өмірі баяндалды. «Мақта қыз» ертегісі библиоойыншық түрінде мазмұндалды. Балалар Ы.Алтынсарин туралы әңгімені мұқият тыңдап, екі тілде қойылған жұмбақтардың жауабын тапты. Іс-шара соңында балалар алған әсерлерімен бөлісіп, жақсы оқып, көбірек кітап оқу керек деген ойларын айтты.

Фото

 


 

 

Менің Қазақстаным, мен сені мақтан тұтамын!

16 желтоқсан — еліміздің азаматтары үшін ерекше күн, себебі Республиканың жаңа тарихы бастау алып, кешегі күн тарих парағында қалған күн. Ғасырдан астам уақыттан бері жаңа тарих жолымен келеміз. Елімізде көп өзгерістер болды, содан бері біз бірігіп мықты құқылы ел құрдық.

Қазақстандық патриоттықты, белсенді азаматтық ұстанымды, патриоттық сана-сезімді қалыптастыру мақсатында ғылыми-көпшілік әдебиет бөлімінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы «Рухани қазына» кіші бағдарламасының «Туған жер» базалық бағыты аясында «Менің Қазақстаным, мен сені мақтан тұтамын!» деген тақырыппен патриоттық сағаты болып өтті. Іс-шараға ҚҚ КСК-нің 1-курс студенттері шақырылды. Іс-шара барысында кітапханашы студенттермен бірге тәуелсіз мемлекеттің қалыптасу жолына толық шолу жасады — қазақ хандығынан Қазақстан Республикасына дейін. Ел дамуына үлкен үлес қосқан адамдардың есімдерін еске алды. Сонымен қатар балалар еліміздің дамуы үшін не істей алатындарын да айтып өтті. Біріншіден - барлық салада білім алып, сауатты дипломды маман болу. Барлығы 24 адам қатысты.

Кездесуден кейін балалар «Халықтың басты жетістігі — Тәуелсіздік» кітап көрмесімен танысты, онда мемлекетіміздің Тәуелсіздігінің қалыптасуының негізгі кезеңін ашатын кітаптар қойылды.

Фото

 


 

 

«Халық үшін ұлы күн»

Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында 6 желтоқсан күні 1-6 сынып оқушылары мен мектеп жасына дейінгі балаларға қызмет көрсету бөлімінде «Рухани қазына» бағдарламасы аясында 14-мектептің 1-сынып оқушылары үшін Тәуелсіздік күніне арналған «Халық үшін ұлы күн» тұлға сағаты болып өтті.

Тәуелсіздік күні мемлекеттің негізгі белгісі ретінде, әлемде ең маңызды мереке ретінде аталады. Қазақстан үшін Тәуелсіздік күні мемлекеттің егемендігі туралы идеяны тарихта бейнелеу үшін енді. Бұл күннің ерекшелігі - Қазақстан халықтарының бірлігі сезімін нығайтып, күшейтуінде.

Дәстүр бойынша осы басты мерекені Қазақстанның көп ұлтты халқы жыл сайын желтоқсанда атап өтеді. Біздің кітапхана өскелең ұрпақтың патриоттық тәрбиесіне үлкен мән береді; жоғары деңгейдегі патриоттық сананың қалыптасуына, еліне деген мақтаныш сезімнің қалыптасуына.

Атаулы мерекенің мағынасын айқындау үшін балаларға «Қазақстан әліпбиде» зияткерлік ойыны мен патриоттық видео-ролигі ұсынылды.

Жас оқырмандар Қазақстан біздің үлкен, қонақжайлы ортақ үйіміз, біз оны сүйіп, қорғау керек екенімізді айтып өтті. Іс-шараға барлығы 32 оқушы қатысты.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер туған ел» базалық бағытының «Рухани қазына» кіші бағдарламасы аясында Ы.Алтынсарин ат. ОБЖК-да өткен -Тәуелсіздік күні туралы ақпарат.

Фото

 

 


 

 

 

«Біздің Елбасы»

«Туған жер - туған ел» базалық бағытының «Рухани қазына» ішкі бағдарламасы аясында Ы.Алтынсарин ат.облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының мектеп жасына дейінгі балалар мен 1-6 сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде 27, 28, және 29 қаңтарда Алғашқы Президент күніне орай «Біздің Елбасы» деген атаумен ақпараттық құжаттама түріндегі іс-шара ұйымдастырылды.

Атаулы іс-шараның міндеті – Қазақстан Республикасының Алғашқы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың тәуелсіз Қазақстанды құру және дамытудағы тарихи рөлін көрсету. Елін мақтан тұтатын, Отанға деген сүйіспеншілігі мол, мемлекет бірлігінің маңыздылығы түсінетін, Елбасымыздың өмірі туралы ақпарат ұсынылды.

Президент Н. Ә. Назарбаевқа арналған кітап көрме-портреті атаулы іс-шараның ажырамас бөлігі болды. Көрмеге Нұрсұлтан Әбішұлының қызметі мен өмірі туралы кітаптар қойылды.

Іс-шараға №2 мектеп-лицейдің 5-6 сынып оқушылары, Ы.Алтынсарин ат. ДБМ, Қостанай арнайы мектептің 7-9 сынып оқушылары, жеке академиялық мектептің 5-6 сынып оқушылары қатысты. Сонымен қатар бұл іс-шара Жасөспірімдерді бейімдеу орталығы мен «Әлеуметтік қызмет көрсету жөніндегі Қостанай аймақтық орталығының» денсаулығының мүмкіндігі шектеулі балалар үшін де ұйымдастырылды.

Фото

 


 

«Рухани жанғыру» мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру аясында

Тұңғыш Президент күніне арналған іс-шара ақпараты.

2017 жылдың 27 қарашасында «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламны жүзеге асыру аясында Ы. Алтынсарин атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапхансында Қазақстан Респубикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында «Менің Президентім» атты ақпараттық сағат өтті.

Іс шараға Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балалар мектеп-интернатының 6 сынып оқушылары қатысты. Балалар Тәуелсіз еліміздің өсуі мен дамуын, ынтымақтықты, бірлікті ойлаған, әлемдік деңгейдегі ірі қоғам қайраткері ҚР-ның Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың балалық шағы мен өмірі жолы туралы «Балалық шағымның аспаны» фильмінен үзінді көрсетіліп, Президенттің сөзіне жазылған «Үш қоңыр» әні балалар назарына ұсынылды.

Іс-шара соңында Президенттің жазған кітаптарымен және ол туралы Қазақстан жазушыларының жазған кітаптарымен «Біздің Тұңғыш Президент» атты кітап көрмесінде жан-жақты танысты.

Фото

 


«Оюлар да ой шертеді»

09 қарашада Ы. Алтынсарин ат. ОБЖК-ның өнер бөлімінде «Оюлар да ой шертеді» атты қолөнер сағаты өтті. Іс-шараға Ыбырай Алтынсарин атындағы дарынды балалар мектебінің 6-сынып оқушылары шақырылды.

 

Ата-бабамыздан келе жатқан, тарихы терең осы өнер дүниесі өзінше бір ғылым десек те болады. Оймен, сөзбен жеткізе алмаған сезімді, табиғат әлемінің жұмбағын бір өрнекке сыйғыза білгеніне қайран қаласың!

 Қазақ ою - өрнегінің өзіне тән даму жолы мен тарихы бар. Тарихи ғылыми деректерге жүгінсек қазақ халқының ою - өрнек өнері ежелгі замандардан бастау алып, қазақ жерін мекен еткен көшпелі тайпалар өнерінің ықпал әсерімен сан ғасырлар бойы қалыптасып, өзіне тән белгілі бір жүйеге келгенін қапысыз таныр едік. Оқушылар жерлесіміз Шөптібай Байдилдиннің «Қазақ оюлары», «Ұлттық оюлар тарихы» т.б. кітаптарымен танысты. Іс-шара барысында мақал-мәтелдер жарысы өтіп, ою өрнектердің атаулары сұрақ-жауап арқылы айтылды. Балалар ақын, жазушылардың ою-өнектер туралы өлеңдерін жатқа оқыды.

Кітап көрмесі ұйымдастырылып, онда 31 кітап қойылды. Балалар кітаптармен қатар қолөнер бұйымдарын да тамашалай алды. Балалар өздеріне ұнаған кітаптарды үйге оқуға алды.

Оқушылар іс-шара соңында алдағы болатын үйірмеге шақырылды.

Фото

 


 

Мемлекеттік «Рухани жанғыру» бағдарламасын іске асыру аясында

29 қарашада сағат 14.00-де

Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында 7-11-сынып пен жасөспірімдерге арналған «Ұлт Көшбасшысы:кеше, бүгін, ертең» атты

тұлға сағаты өтеді

1 желтоқсанда қазақстандықтар Алғашқы Президент күнін атап өтеді. Мереке алғашқы президенттің жетістіктерін Республика мен күллі халыққа мойындату үшін құрылған. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев мемлекеттің бірлігін, Конституциясын, адам мен адамзаттың құқықтарын және бостандықтарын қорғауды қамтамасыз еткен жаңа тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы болып табылады.

Сіздер кездесу барысында Ұлт көшбасшысы болу үшін өмірлік жолда қандай қасиет қажет екенін біліп, біздің президент жайлы не айтатындарын ести аласыңдар, сондай-ақ Елбасының тұлғасын ашатын, көптеген фотосуреттерді тамашалауға мүмкіндік аласыңдар.

 

ІС-ШАРАНЫҢ БАСТАЛУЫ 14.00

Байланыс ақпараты:

Қасымханов,көш 74 (Пушкин көш.бұр.)

тел. 54-27-44 – Теплякова Надежда Минеевна, директор

39-00-42 – Видершпан Алла Леонидовна, ғылыми-әдістемелік бөлім

e-mail: albiblio@ya.ru

 


 

 

Дөңгелек үстел

«Ыбырай Алтынсарин мұрасы– мәңгілікке қазына»

«Алтынсарин оқулары» іс-шара циклінің және «Рухани жаңғыру» атты мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру аясында

11 қазанда сағат 14.00-де

Ы.Алтынсарин ат. ОБЖК-да «Ыбырай Алтынсарин мұрасы– мәңгілікке қазына» атты дөңгелек үстел өтеді.

7-11 сынып оқушылары қазақ қоғамы өмірінің тұтастай адамгершілік-публицистік категориясына қазіргі тұрғыда қажетті баға беріп, ұғындыруға тырысады.

Дөңгелек үстел «Ыбырай Алтынсарин мұрасы– мәңгілікке қазына»

 


 

Дөңгелек үстел

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»
 
5 қазанда сағат 15-00-де Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының Ы.Алтынсарин ат.облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында 7-11 сынып оқушылары мен жасөспірімдерге арналған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру. Взгляд в будущее: модернизация общественного сознания» бағдарламасы аясында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты дөңгелек үстел өтеді.
 
Мемлкет басшысының тұжырымдамалық мазмұны «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының негізгі қағидаларында негізделеді.
 
Бағдарламаның келесі негізгі сәттері талқыға салынады: «Туған жер», «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы», «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет», «Қазақстандағы 100 жаңа есім».
 
 

 

Әдеби альманах

«Халық ұлы»

Мұхтар Әуезов – жазушы, ғалым,педагог, қоғам қайраткері. Ол замандастары мен ұрпақтарының санасында осылай қалыптасты.

Ұлы қазақ жазушысының 120 жылдығына орай 4 қазан күні сағат 14.00-де Ы.Алтынсарин ат. ОБЖК-да 7-11 сынып оқушыларына арналған

«Халық ұлы» атты әдеби альманах өтеді.

Іс-шара «Рухани жаңғыру» атты мемлекеттік бағдрламаны жүзеге асыру аясында өтеді және «Әдеби Қазақстан» циклінің бірі болып табылады.

Іс-шара барысында балалар Мұхтар Омарханұлы Әуезов шығармашылығының жаңа мазмұнын ашып қана қоймай, қатарластарына оның мәнін түсіндіреді.

Әдеби альманах «Халық ұлы»


Тілдер

+ A -

Current Zoom: 120%

Электрондық каталог

Жолдау 2024

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 293 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана