Кітапханада саяхат

Ыбырай Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдерге арналған кітапханаға қош келдініздер! Қостанай қаласының ең тамаша кітапханасының залдары мен қабаттарын аралайық. Айтпақшы, бізді Қасымханов көшесі 74- үй мекенжайы бойынша табасыздар.

«Үлкендер» баратын ғимараттан бастайық, нақтырақ айтқанда, 7-11 сынып оқушылары мен қаланың түрлі оқу орындарының студенттері және олардың ата-аналары, мұғалімдер мен басқа да ересектер келетін орын. Мұқият қарасаңыз, кіреберістен кітапхананың жұмыс тәртібін көруге болады: дүйсенбі-жұма 10.00-ден 18.00-ге дейін, сенбі — 9.00-ден 17.00-ге дейін. Демалыс күні — жексенбі.

Кез келген кітапхана мақалда айтылғандай, киім ілгіштен басталады, яғни гардеробтан. Бұл жерде сізді өте ұқыпты гардеробшы қарсы алады, ол тек киіміңді емес, қалдыруға болмайтын: сөмке, пакеттеріңізді де алады.

Фойе теңдесі жоқ көрсеткіш: тура алға қарасаңыз, кітапхананың бар тарихын көре аласың. Ы. Алтынсариннің кім екенін, кітапхана кімнің атында және ол несімен атақты деген сұрақтарға жауап аласыз. Онан соң бәрі ертегідегідей: оңға, солға бұрылыстар бар.

Оңға жүрсеңіз, Ғылыми-көпшілік әдебиет залын көресіз. Білім нәрі бар кітаптардың көбі осында, соның ішінде сөздіктер, анықтамалықтар, энциклопедиялар да бар. Солардың көмегімен хабарлама, реферат дайындап, ғылыми жұмыс жазуға болады. Сондай-ақ, осы жерде түрлі ғылыммен айналысуға, өздігінен білім алуға және зерігуден арылуға көмектесетін қызықты кітаптар бар. Кітапты өзіңіз іздестірсеңіз болады, әр бөлім ғылымдарға бөлінген, дегенмен кітапханашыға жүгінгеніңіз жақсырақ болар, ол нені қайдан алу керектігін айтады. Бұл жерде жаңа баспасөздер де бар — 40-тан артық газет-журнал түрлері. Бұларды осы жерде оқуға да, үйге алуға да болады.

Егер Сіз достарыңызбен әңгіме айтып отырғыңыз келсе - ыңғайлы орындар мен диван бар, сабаққа дайындалғыңыз келсе — жұмыс орындары бар.

Сонымен қатар бөлімде жұмыс істеуге, дамытушылық ойындар ойнауға, аудиокітаптар тыңдауға болатын, ағылшын тілін үйренуге және кітаптардың ұсыныс тізімін қарауға болатын комьютерлер бар. Мүлде тегін.

Ғылыми-көпшілік әдебиет бөлімі залынан екі бөлімді біріктірген, сыртынан шағын көрінгенімен, өте құнды бөлімді көресіз.

Ақпараттық-библиографиялық бөлім - ақпарат жинаумен айналысады. Қызметкерлер күн сайын газет-журналдарды қарап, қажетті мақалалардың сипаттамасын электронды каталогте орналастырады. Сондай-ақ сабаққа дайындалу барысында өз септігін тигізетін, әдебиеттер тізімі бар жазушы мерейгерлерге арналған түрлі жадынамалар дайындайды.

Автоматтандыру бөлімі кітапхананың компьютерлік және цифрлық техникасына жауап береді. Кітапханашыларға презентация дайындап, кітап көрмесін рәсімдеуге көмектеседі. Ең бастысы, дәл осы бөлімнің қызметкерлері шексіз интернет кеңістігімен кітапхана байланысын орнатады. Солардың ыждаһаттылығының арқасында біздің сайтымыз бар, кітапхананы түрлі әлеуметтік желілерден табуға болады (ВК, Твиттер, Фейсбук), Ютубте өз арнамыз бар. Кітапхана жаңалықтарынан хабардар болу үшін біздің арнамызға жазылыңыздар.

Ал енді фойеге оралып, солға — Көркем әдебиет бөліміне жүреміз. Бұл жерден талғамыңа сай әдебиет табуға болады - классикадан қазіргі әдебиетке дейін, мектеп бағдарламасы бойынша және жаныңа жақын әдебиет. Кітапханашылар қандай кітап оқу керектігіне ұсыныс беріп, кітап таңдауға көмектеседі. Кітаптар алфавит бойынша орналастырылып, жанр және серия (фантастика, детектив, оқиға) бойынша бөлінген.Дәл осы жерден Еркіндік хартиясын көруге болады, яғни кітапхананы пайдалану Ережесі және өз құқығы мен міндеттері.

Кафедра маңында қызықты шкаф тұр. Бұл кітапханалық «ЁЖИК» журналының музейі. Егер үйіңде серіктестікті қажет ететін, жалғыз-жарым кірпі (ойыншық, қолдан жасалған кірпі, ашық хат және т.б.) болса, оны өзіңіз шығарған өлең, әңгіме, суреттеріңізбен бірге әкелсеңіз болады.

Бөлімнен Анықтамалық аймаққа келе аласың. Ол несімен қызықты? Бұл жерде ксерокөшірме жасауға болады, интернетке шығатын компьютерлер (сәрсенбі және сенбі күндері тегін) және ең бастысы электронды каталог бар. Егер Сіз кітап іздесеңіз, ол кітаптың кітапханада бар екендігін білгіңіз келсе, тақырып бойынша тағы да қандай кітаптар бар екендігін және оны қай залдан іздеуге болатындығын білгіңіз келсе, Сізге міндетті түрде осында кіру керек. Кітапханашы дұрыс сұраныс жасауға көмектесіп, кітапхананың деректер базасын пайдалануды үйретеді.

«Ересектер» бөліміндегі тағы бір бөлім — ол әдебиетті жинақтау және іріктеу бөлімі. Онда ең жолы болғыш қызметкерлер отырады. Өйткені дәл солар жаңа кітаптарды алып, оларды арнайы журналдар мен электронды каталогтерге енгізіп, рәсімдейді. Біздің кітапханада карточкалы және электронды түрде алфавиттік және жүйелік каталогтер бар. Каталог авторы, кітап аты жазылған және кітапханада тұрған орны нақты көрсетілген карточкалардан құралған. Кітапқа мөр, сөре шифрі басылып «орныққаннан» кейін оқырмандарға жетеді.

Ал енді басқа ғимаратқа өтіп, қандай бөлімдер бар екенін білейік.

Тағы сәлеметсіздер ме дейміз! Кітапхананың бұл ғимаратында үлкендерді, жастарды және ең кішкентай оқырмандарды күтеді, өйткені бұл жерде Өнер әдебиет бөлімі, 1-6 сынып оқушылары мен мектеп жасына дейінгі балаларға қызмет көрсету бөлімі, инновациялық және әдістемелік жұмыс бөлімі, әкімшілік пен бухгалтерия орналасқан. Кіреберістегі белгі Сізге қалаған бағытты көрсетеді.

Пайдалану ережесі де бірдей:

  • кітаптар қалалық тіркелім және жеке құжат болған жағдайда беріледі;
  • кітаптар 15 күннен 1 ай мерзімге дейін беріледі;
  • кітапты оқып бітірмесеңіз, оны телефон немесе интернет арқылы ұзартуға болады;
  • кітаптар ұқыптылықпен қарағанды талап етеді.

Бағалы заттан басқа сырт киім, пакет, сөмке бәрін гардеробта тастаймыз да танысуды жалғастырамыз. Гитара, домбыра, баянда (қажеттіні сызып көрсету) ойнап үйренгіңіз келе ме? Голландияның өнері жайлы Уикипедияда жазылғаннан да көбірек білгің келе ме? Білгің келсе, екінші қабатқа көтерілеміз, сіздерге Өнер әдебиет бөлімі көмектеседі. Бұл жерден сіздер өнер салалары бойынша кітаптар, фильмдер, мультфильмдер дискілерін тауып, ерекше рәсімделген көрмелерді көресіздер және де өз қолдарыңызбен қызықты заттар дайындап үйренесіздер. Ұнаған басылымды үйге алуға немесе осы залда жұмыс істеуге болады.

Келесі болып, Сізді 1-6 сынып оқушылары мен мектеп жасына дейінгі балаларға қызмет көрсету бөлімі күтеді. Егерде Сіз 12 жаста болған болсаңыз бұл бөлімге іні-сіңілілеріңізмен немесе жиендеріңізбен келіңіз, оларға міндетті түрде ұнайтын болады! Ойын бөлімінде әбден ойнақ салуға немесе тыныш үстелдік ойындар, дамытушылық компьютерлік ойындар ойнауға болады. Оқу залында түрлі журналдарға, көптеген жаңа кітаптарға, ойыншық кітаптарға, энциклопедия мен анықтамалар санына қол жеткізесіз. Бұның бәрін «осы жерде және қазір» оқи аласыз, яғни өзіңмен бірге алуға болмайды. Сіздер басқа бөлімнен көрген, «ЕЖИК» журналының негізі осы жерде қаланады. Біздің кітапханалық журнал Ежеквартальный Журнал Интересной Компании деп ажыратылады, яғни қызықты топтың тоқсандық журналы. Егер Сіз өзіңізді әдебиет шығармашылығында сынап, өлең, проза жазып немесе сурет салып жүрген болсаңыз, онда біздің Қызықты топқа қосылыңыз, өз жұмысыңызды әкеліңіз, оны бағалап, жариялайтын болады.

Үйде оқуға кітап алғыңыз келе ме? Солай болса, абонементке қош келдіңіз. Бұл жерде оқырманның талғамына сай, ең үздік балалар кітабы жиналған, ол кітаптарды асықпай қарауға, оқуға және 15 күнге үйге алуға болады.

Бірінші қабатқа түсеміз — бұл жерде әкімшіліктің қабылдау бөлмесі орналасқан, барлық кітапхананы «басқару тізгіні» осы жерден басталады. Одан әрі Инновациялық және әдістемелік жұмыс бөлімі күтеді. Күрделі атауына қарамастан, бұл бөлім де оқырмандарға қызмет көрсетеді. Бөлімде мектептік, күнтізбелік, отбасылық мерекелерге әзірлемелер дайындау үшін қол ұшын береді; мұғалімдерге, тәрбиешілерге қазақстандық және ресейлік педагогикалық журналдардағы материалдар қызықты болмақ. Бұдан басқа, түзету педагогикасы бойынша жақсы кітаптар жинастырылған, өйткені бұл бөлім жүріп-тұруы шектеулі оқырмандармен жұмысқа жауапты, солар үшін іс-шаралар ұйымдастырып, олардың үйлеріне барып қызмет көрсетеді, ата-аналар мен педагогтерге көмек ретінде кітап жинайды.

Ғимараттағы саяхатымыздың соңғы аялдамасы — дәріс залы. Кейде ол өз атауын ақтайды — онда дәріс сабақтары өтеді, сондай-ақ мұнда түрлі кітапханалық клубтар мен үйірмелерге қатысушылар жиналады, мұндай шаралар бізде аз емес, әр оқырман өз қызығушылығы бойынша және жасына сәйкес үйірме немесе клубтарға қатыса алады. Барлық клубтар мен үйірмелер мүлде тегін және де өте… көңілді. Кітапханалық клуб дегеніміз - пікірлестердің жағымды компаниясы, тәттілермен шәй ішу, оқу туралы әңгімелер немесе шығармашылық сабақтар. Кітапханада не, қайда, қалай өтетінін естеріңізге сала кетейік.

«Оригами мектебі» үйірмесі — қолөнер шебері, ісмер атағын алғысы келетіндер үшін, бұл жерде әдемі қолдан жасалған бұйымдарды тек қағаздардан ғана емес, басқа да қолжетімді материалдардан да жасайды. Сабақ Өнер әдебиеті бөлімінде өтеді.

«Ою ойғанның ойы ұшқыр» - қазақ сәндік-қолданбалы өнер бойынша шығармашылық сабақ, ұлттық нақыштағы әшекейлер, бұйымдар.

«Я сам!» шығармашылық студиясы — мұнда дамуында ерекшелігі бар балалар сурет салып үйренеді. Студиялықтар дүйсенбі сайын сағат 14.30-да кездеседі.

«English reading club» - ағылшын тілін үйренетін 7-11 сынып оқушыларына арналған клуб. Сабақ аптасына 2 рет өтеді: сейсенбі 10.30-да, ал бейсенбі 14.30-да.

«Шығармашылық аймағы» студиясы әдеби дарыныңды дамытуға және өздерің сияқты шығармашыл, жазуға құмар құрдастарыңмен кездесіп, дос болуға септігін тигізеді. Кездесулер тоқсанаралық демалыс уақыттарында ұйымдастырылады.

«Адамгершілік қасиет» клубы — кітап оқып, оқығанды қызу талқылайтын, кітап оқуды жаны қалайтындардың клубы. Клуб аптасына 2 рет бас қосады: сейсенбі, бейсенбі сағат 16.00.

«Қыздар әлемі» - қыздар ұжымындағы әдеби отырыстар. Мұнда қыздар, ұлдар, аналар, әкелер және басқалары туралы кітаптар оқып, талқылайды. Кездесулер тоқсанаралық демалыс уақыттарында өтеді.

«Жанға жайлы сырласу» ата-аналар клубы - үш айда бір рет кездеседі. Тәрбие проблемаларын талқылап, балалар, отбасы туралы кітаптармен танысады, бірге мерекелер өткізеді.

«Хикаяттар сандығы» кітап театры - 10-14 жастағы жасөспірімдерге арналған театр студиясы, кездесулер сенбі күндері сағат 14.00-де өтеді.

Сіздер біздің ғимарат туралы білгендеріңізбен, кітапхана туралы бәрін білмедіңіздер. Жылы жыл мезгілінде Сіз Ашық кітапханаға келе аласыз.

Онда кітапханашы да, айтарлықтай ереже де жоқ: ұнаған кітапты үйіңе алып, үйіңнен кітап пен журналдар әкелуіңе болады, осы жерде, орындықта отырып оқуға да болады. Кітапхананың амфитеатрға ұқсайтын үлкен ауласы — жазғы үлкен шараларды би, ойындармен өткізуге арналған орын.

Бұл жерде бәріне де орын жеткілікті!

Осымен біздің алғашқы кездесуіміз соңына келді, Сіз өзіңіз үшін кітапхана туралы көп жаңаны аштыңыз деп, үміттенеміз.

Келесі кездескенше, оқырман!


Тілдер

+ A -

Current Zoom: 120%

Электрондық каталог

Жолдау 2024

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 60 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана