Марфуға Бектемірова

Марфуға Бектемірова - 1958 жылы 26 қыркүйекте Көкшетау облысындағы Еңбекшілдер ауданының Прогресс (ескі Макинка) ауылында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. Уәлиханов, Зеренді аудандық және облыстық «Көкшетау правдасы» газеттерінде, Қостанай облыстық радиосында тілші болған. Қостанай облыстық әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінде қазақ тілі, ономастика, ұлт саясаты және көшіқон жөніндегі жауапты маман болып қызмет атқарған, республикалық «Ана тілі» газетінің осы облыс бойынша меншікті тілшісі, Қазақстан Жазушылар одағы Қостанай облыстық филиалының директоры болған. Қазір «Есіл» қоғамдықсаяси газетінің Бас редакторы. Өлеңдері «Жыр тәңірі», «Тың тынысы», «Көңіл әуендері», «Арман қанатында», «Қарлығаш» атты ұжымдық жинақтарға енген. «Жанары жәудір дүние», «Айдыным менің», «Ғашық жүрек», «Еңлікгүл», «Менің Атлантидам», «Аққуым менің қайдасың?», «Озера души», «Белый парус мечты» жыр жинақтарының авторы. Ақынның аударуымен «Жыр жауһар» сериясымен Анна Ахматованың өлеңдері кітап болып жарық көрді. Ақын республикалық «Жігер» фестивалінің лауреаты, Абайдың 150 жылдығына арналған жыр мүшәйрасының, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі, «Қазақмыс» корпорациясы ұйымдастырған «Отанымыздың Тәуелсіздігіне тарту» тақырыбында өткен байқаудың жүлдегері. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет қайраткері» белгісімен, «Астанаға 10 жыл» мерекелік медалімен марапатталған. Қостанай облысы әкімінің арнайы сыйлығының лауреаты. Ол 2013 жылы дүниеден озды.

Её произведения на казахском языке:

1. Бектемірова, М. Аққуым менің, қайдасың? [Мәтін] : өлеңдер / М. Бектемірова. - Алматы: РИИЦ Азия, 2006. - 77,[3] б.: портр.
2. Бектемірова, М. Ғашық жүрек [Мәтін] : өлендер жинағы / М. Бектемірова ; сурет. М. Рахалиев. - Қостанай: Қостанайполиграфия, 2001. - 272 с.: портр.
3. Бектемірова, М. Жанары жәудір дүние [Мәтін] : өлеңдер мен поэма / М. Бектемірова. - Алматы: Айқап, 1993. - 124 б.
4. Бектемірова, М. Махаббат тәңірі немесе Абайды іздеу [Мәтін] / М. Бектемірова // Жыр тәңірі : жинақ. - Алматы, 1995. - 136 б.
5. Бектемірова, М. Тобылғы түн [Мәтін] / М. Бектемірова. - Алматы: Қазығұрт, 2011. - 384 б.: порт.
6. Бектемірова М. Төзім бер, үміт берші, алла, маған! [Мәтін] / М. Бектемірова // Жалын. - 2010. - № 3. - Б. 20-22.
7. Бектемірова, М. Аққуым менің қайдасың? [Мәтін] : өлең / М. Бектемірова // Жалын. - 2004. - № 9. - Б. 37-39.
8. Бектемірова, М. Нұрлы дүние: проза / М. Бектемірова // Жалын. - 2007. - № 11. - Б. 13-18.
9. Бектемірова, М. Өткен күндер кетер емес есімнен: өлең / М. Бектемірова // Жалын. - 2006. - № 5. - Б. 64-66.
10. Бектемірова, М. Тілің үшін қызмет ет, ештеңеден жасқанба: өлеңдер / Бектемірова, М // Жалын. - 2008. - № 9. - Б. 62-63.
11. Бектемірова, М. Тәуелсіздік - тірегім: поэма / М. Бектемірова ; құрас. Н. Махмудов [және т. б] // Отанымыздың тәуелсіздігіне тарту.- Алматы, 2006. - Б. 105-125. 12. Бектемірова, М. Төрттағандар: өлең / М. Бектемірова // Қазақ әдебиеті. - 2008. - 5 қыркүйек. - Б. 20.

о ней:

1. Айтұлы, Н. Биіктеп бара жатқан ақын [Мәтін] : [Марфуға Бектемірованың шығармашылығы] / Н. Айтұлы // Жалын. - 2006. - № 3. - Б. 15.
2. Қарымсақова, Б. Жазылмады-ау есті өлең - деп жырлаған Марфуға Бектемированың шығармашылығы хақында [Мәтін] : ақын Марфуға Бектемирова туралы / Б. Қарымсақова // Жалын. - 2013. - № 12. - Б. 62-63.
3. Кемелбаева, А. «Өлеңім, сен аман бол...» : ақын Марфуға Бектемирова туралы / А. Кемелбаева // Қазақ әдебиеті. - 2018. - 27 сәуір-3 мамыр (№ 16). - Б. 10.
4. http://www.astana-akshamy.kz/olengim-sen-aman-bol-byl-dyniede/ 5. Сүйінов, Е. Асылым менің, бақытым менің: [жақсы жар - жан шуағы] / Е. Сүйінов // Қазақстан әйелдері. - 2018. - № 3. - Б. 10-11.


Тілдер

+ A -

Current Zoom: 120%

Электрондық каталог

Жолдау 2024

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 62 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана